ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? - депті.
Жиналған халық көп дағдарып:
Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан:
Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.
Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық.
Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.
Сонда Қарабас:
Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! - депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім, - дейді.
№
Түсінемін
Анықтай-мын
Байланыс-тырамын
Ықпал етемін
Сенемін
1
2
«Түсінемін» бөліміне оқушы мәтіннен не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде айтылған ойды не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде дегенмен осы сөздердің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды. Екі мәтінді оқи отырып, екі мәтінге қатысты көзқарасын салыстырмалы түрде жазуы тиіс.
Дескрипторлар:
Мәтіндер бойынша түсінген мәліметін жазады;
Талқылауды, толықтыруды қажет ететін мәліметті жазады;