Сабақ тақырыбы Су потенциалы



бет2/3
Дата29.12.2023
өлшемі43,81 Kb.
#144784
түріСабақ
1   2   3
АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, флипчарт, ғаламтор, ноутбуктер

Ұсынылатын бастапқы білім



Жасушалық биология – 9 – 10 сыныптар
Молекулалық биология – 9 – 10 сыныптар
Тасымалдау – 7 – 10 сыныптар
Координация және регуляция – 10 сынып
Қоректену – 9 сынып



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
(үндеу)
0-5 мин

Амандасу. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың түгелдігін, сабаққа даярлығын қадағалау.
Ой қозғау:
Иондардың қозғалуына мембрана потенциалы себеп болса, судың қозғалуына не себеп болуы мүмкін?
Тақырып пен оқыту мақсаты, сабақтың мақсаттары, бағалау критерийлері тұжырымдалады.

MS PowerPoint презентация
таратпа материал

Сабақтың ортасы

6-15 мин


16-25 мин

26-37 мин



(W) Оқушыларға үлкен (қабығы аршылып, иондалмаған суға бірнеше күнге салынған) және қалыпты (ол да қабықсыз) тауық жұмыртқасын көрсетіледі. Оқушылар жұпта бақылайды талдайды.
КБ: мұғалім оқушыларға қажетті жерде көмек көрсетеді.
(G) (f) Сынып шағын топтарға бөлінеді, олардың диффузияны, осмос пен су потенциалын қалай түсінетіндіктерін тексеріледі
ҚБ: оқушылармен сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізеді:

  • Осмос процессінің мәні неде?

  • Осмос жүру үшін қандай жағдайлар қажет?

  • Неліктен су топырақтан тамыр түгінің жасушасына қарай өтеді?

  • Судың тамырдың бойымен жоғары көтерілуіне себеп болатын негізгі күш не?

  • Потенциал дегеніміз не?

  • Су потенциалының туындау себептеріне нені жатқызуға болады?

  • Су потенциалы тамыр түгі жасушасы мен топырақтың қайсысында жоғары болады деп ойлайсыздар?

КБ: мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды.
(W) Оқушыларға су потенциалы туралы ақпараттар беріледі. Сосын сол ақпаратпен танысқан соң, жұпта оны талқылайды.

(W) Молекулалардың суреттерін пайдалана отырып, су потенциалы мен судың «бос энергиясы» ұғымы туралы талқыланады /су қалыпты бөлме температурасында сұйық, ал температура көтерілгенде газ күйіне төмендегенде мұзға айналады. Бір күйден екінші күйге ауысқанда көп мөлшерде жылу бөлінеді. Себебі судың меншікті жылу сыйымдылығы болады.

(W) (f) Осы тақырыпта пайдаланылатын терминологияның алуандығын түсіну үшін «сауда автоматының» анимациясын жобалайды
(W) Оқушыларға су потенциалы туралы ақпарат беріледі. Олардан Ψ, Ψs және Ψp, сонымен қатар пайдаланылған элементтер, кПа ұғымдары мен символдарын түсіндіріп, су потенциалының мәнін түсіндіру сұралады. /Қысқа есептеуді көрсету қажет/
Әр оқушы ноутбукті пайдалана отырып, берілген қосымша ақпараттармен жекелей жұмыс жүргізеді.
Оқушыларға мына сілтемелер таратылады:
http://www.s-cool.co.uk/a-level/biology/cells-and-organelles/revise-it/movement -су потенциалы туралы ақпарат, анимациялар мен есептеулерді пайдаланады
http://www.kscience.co.uk/animations/turgor.htm -осмос
http://www.kscience.co.uk/animations/plasmolysis.htm -плазмолиз анимациялары көрсетіледі.

ҚБ: оқушыларға тапсырмалар таратылады.



MS PowerPoint презентация

Осмос жөнінде теориялық материал: https://www.khanacademy.org/science/high-school-biology/hs-energy-and-transport/hs-osmosis-and-tonicity/a/hs-osmosis-and-tonicity-review


Осмос туралы видеоматериал:
https://www.khanacademy.org/science/high-school-biology/hs-energy-and-transport/hs-osmosis-and-tonicity/v/osmosis
Қосымша «Су потенциалы»
Су потенцииалына қатысты терминдерді сауда автоматы түрінде түсіндіруге арналған сілтеме:
http://www.kscience.co.uk/animations/water_potential.htm
Су потенциалы жөнінде теориялық материал:
http://www.s-cool.co.uk/a-level/biology/cells-and-organelles/revise-it/movement
http://highered.mcgraw-hill.com/sites/0072437316/student_view0/chapter37/answers_to_text_questions.html
Плазмолизді көрсететін анимация:
http://www.kscience.co.uk/animations/plasmolysis.htm
Өсімдіктердегі су потенциалы жөніндегі теориялық материал:
http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000018/st144.shtml

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары



Сабақтың соңы
38-40 мин

Рефлексивті экран
Әрбір оқушы экрандағы сөздерді бір сөзбен кезегімен жалғастырады. :
1.Мен бүгін білдім…
2.Қызықты болды…
3.Қиын болды…
4.Мен тапсырманы орындадым…
5.Мен түсіндім, келесіні…
6.Енді мен білемін…
7.Мен істейалдым…








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет