Сабақ тақырыбы Табиғаттағы зерттейтін ғылымдардың зерттеу нысандары



бет67/194
Дата03.10.2022
өлшемі51,04 Mb.
#41152
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   194
Байланысты:
6 кмж жарат

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер,дүние тану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

карта

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут

Бала, бала, балапан
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады
Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою
1. Ауызша үйге берілген тапсырмаларды қорғау
Оқушылар үйге берілген тапсырмаларын топпен қорғау.
I-топ
Гидросфера дегеніміз не? Табиғатта суқандай күйде болады? Бізден басқа планеталарда су болама?
II-топ
Гидросфера құрамы қандай? Олардың арақатынасын көрсететін шеңбер диаграмма сызыңдар.
III-топ
Дүниежүзілік су айналымы деген не? Кіші су айналымы дегеніміз не?
IV-топ



Шаттық шебері





Сабақтың ортасы
8 минут

Өткен тақырыпты меңгере отырып жаңа тақырыптқа қадам басу үшін «Друзья по часам» техникасын қолданып, оқушылар жұптаса жұмыс жасайды.
- Әр оқушы әр топтағы хұрбысымен кездесу үшін жұптарын іздейді,



  • Әр түрлі уақыттарда оқушылар әр түрлі тапсырмалар алады. Ойларымен бөлісіп, тапсырманы орындайды.

  • Әр оқушы бірнеше оқушымен жұптасып шығады, бірге тапсырма орындайды.

Мұхит-айналасын материктер қоршап жатқан үлкен су қоймасы.
Шұңғыма -мұхиттардың ең терең жері.
Жер шарының ауданы 510 млн км²

Құрлықтар мен аралдар Дүниежүзілік мұхит


149 млн км² 361 млн км²(70% немесе

. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.


Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.
Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.
Топтық тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет