Жұптық жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара көмек көрсетуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өзара ақпарат алмасу барысында бір-біріне құрмет көрсетуге баулу
Сабақ барысында Power Point презентациясын және Интернет желісін қолдану
Бастапқы білім
Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.
Сабақты ұйымдастыру Ынтымақтастыру атмосферасын құру «Шаттық шеңбері» оқушылар бір-бірімен қол ұстасып, шеңбер бойымен тұрады. Бір – біріне қарап, жақсы тілек айтады.
Оқушыларға түрлі іс-әрекеттер бейнеленген карточкаларды беріп, оларды рет-ретімен орналастыруды сұрау.
Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жоспарлау туралы ұғымға әкелу
Оқушыларға сабақтың тақырыбы хабарланады.
Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийін құрастыру.
Оқушыларды әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы 5 топқа бөлу.
Әр топ оқушылары сынып бөлмесінің қабырғаларына жапсырылған тақырыптық суреттерді таңдайды.
Суреттер мазмұны:
Оқушыларға тапсырманы түсіндіргеннен кейін бағалау критерийін бірлесе отырып құрастыру.
(Жж) Оқушылар берілген тақырыптар аясында жоспарлау жүргізеді:
Жоспарлауды аяқтағаннан кейін оқушылар өздерінің жоспарлау кезеңдерін атайды, сыныппен талдайды.
Өздері құрастырған критерийлер бойынша бірін –бірі бағалайды.
Осы тапсырма оқушыларға өз қызметін жоспарлай білу дағдысын бағалауға мүмкіндік береді (Т) Күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттарды пайдалана отырып, оқушылардың зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында тәжірибелер орындау (оқушылар бастапқы топтарында жұмыс жасайды)
Алдарыңызда өсімдік майы, су, стақан, ыдыс жуатын құрал берілген. Осы заттарды пайдалана отырып, қандай тәжірибе орындауға болады, ойланыңыз? Келесі кезеңдер бойынша зерттеу жүргізіңіз: