Жеке жұмыс. Оқушылар «Менің энергия көздерім» деп аталатын оңтайлы ас мәзірін дәптерлеріне құрастырады. Оқушыларға кесте ұсынылады. Талқылау.
Қосымша 1
жас ерекшеліктеріне сай азық-түлік өнімдерінің қоректік құндылығы кестесі
10 мин
10 мин
Топтық жұмыс.Оқушылар «Балық сүйегі» (Фишбоун) әдісін қолданып, энергия түрлерін жіктейді.
Әрбір топ өз ақпаратын алады. Мәтінді меңгеру жеке жүргізіледі, ал талқылауы топта жүзеге асырылады. Фишбоун тізбегі топтың ортақ тұжырымымен толтырылады. Мына ақпарат көздерінің қарастырылуы назарға алынады: жарық, механикалық, жылу, химиялық және электрлік энергияларға ортақ не екенін көрсетуді, күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, энергияның өзара айналымын жазу ұсынылады.
Топтық жұмыс критерийлері оқушылармен тақтада талқыланып, жазылады.
Бекіту. Қалыптастырушы бағалау жұмысы.
25 мин
(Т)(Э) Оқушылар электр тогымен қыздыратын құралдың көмегімен суды қыздыру кезіндегі жылу энергиясын өлшейді.
Әдіс оқушылар үшін түсінікті болуы керек: алюминий контейнерді таразыға қою, таразыны нөлге келтіру, 0,2 кг су қосу керек.
қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық өткізіледі.
Дифференциация: Оқушылар температураны Цельсиймен өлшейді. Кейбір қабілеті жоғарырақ оқушылар өлшеген температураны Кельвин шкаласына аударады.
Оқушылар 5 минутта суды қыздыру үшін электрқыздырғыш құрал пайдаланады. Олар алдымен судың бастапқы температурасын өлшеп, қайнатқышты қосқан кезде секундомер қосады. Оқушылар тәжірибе бойы суды араластырып отырып, әр минуттағы температураны жазып отырад. Содан кейін қайнатқышты ажыратып, суды салқындатуы керек. Тапсырманы жылдам орындаған кейбір оқушылар 0,1 кг су сияқты сол бастапқы температурасымен 0,2 кг су пайдаланып тәжірибені қайталай алады.