Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларға алдағы жұмысқа сәттілік тілей отырып, позитивті психалогиялық ахуал тудыру.
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сұрақ: Барлық тірі ағзалар не істейді? (жеке, жұпта жұмыс)
Жауаптары тақтаға жазылады, осылайша оқушылардың берілген тақырып бойынша алдыңғы білімін шығарып аламыз
1 - тапсырма.Суреттерге қарап, тірі ағзаларға тән қасиеттердің атауын және сипатын кестеге толтырыңыз.
Дескриптор
Білімалушы
суреткеқарап, қасиеттердіңатауынжазады;
тіріағзаларғатәнқасиеттердісипаттайды .
2- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шық.
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады.
Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.
Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды.
Тапсырма: