Сабақ тақырыбы Табиғаттағы зерттейтін ғылымдардың зерттеу нысандары



бет172/194
Дата03.10.2022
өлшемі51,04 Mb.
#41152
түріСабақ
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   194
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Бейнебаяндағы байланыс туралы сөйлесу.

АКТ дағдысынқолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Пәнаралықбайланыс

Тарих пен биология

Алдыңғыбілім

ТБ2

Кезеңдері

Уақыты

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Мотивациялық кезең

10 мин

1 .Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқушы назарын сабаққа аудартады, топқа бөледі.
2. Үй тапсырмасын сұрайды.
3.Мұғалім оқушыларға ой қозғауға видеоролик ұсынады.
1.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете отырып амандасады.Ынтымақтастық жағдайында топқа бөлінеді.Оқушылар топ ережесін қайталайды.

2.Оқушылар өздері жазып келген эсселерін оқиды.


3. Видеороликті тамашалайды.






Операциялық кезең

  1. минут 15 минут

4.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Жоғарыда айтылған қасіреттерді болдырмау үшін
«Табиғатым- тал бесігім» деп дана халқым айтқандай өзіміздің туған өлкеміздің табиғатын қорғап, ластамау біздің парызымыз.
Туған жеріміз Байзақ ауданы табиғаты мен экологиясы туралы айтып өтер болсам, Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі. Табиғи апаттардың көрінісі қазіргі күнде қатты жел соғуы қаупі төніп тұр, біздің аумақ құмды шөлейтті жер болғандықтан құм көшуі жиі болады .Құм тоқтататын ағаштар мен жеміс ағаштарын отын ретінде шамадан тыс қолдану олардың азаюына әкеп соқтырады, сондықтан ауданымызда жыл сайын ормандар өсімін молайту және ормандарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, сексеуіл және басқа құм тоқтатқыш тұқымдар, жеміс дақылдарын егу жүзеге асырылады.
2. Топтық жұмыс. (Постер қорғау.)
3.Жеке тапсырма. «Не? Қайда? Қашан?»

4.Экологиялық жағдайды жақсарту жолдары туралы топтарға сұрақ береді.



  1. Тақырыпты дәптеріне көшіріп жазады

2.Оқушылар топта бірлесе отырып, ойланып ақылдасады, тапсырмаларын орындайды.


3.Интерактивті тақтада берілген тапсырманы орындайды.

4.Сұрақтарға ойлана отырып жауап береді.


Оқушылар 5 жол өлең шығарады.


5. «Синквейн».










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет