Топтық жұмыс
Оқушыларды әрдеңгейлі шағын топтарға бөлу. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында «Қосымша 2» орындау.
Топ мүшелері топ басшысын тағайындайды. Мұғалім тек сырттай бақылаушы ролін атқарады.
Қосымша 3
1. Параллелограммның қабырғалары 12 см және 14 см, олардың арасындағы сүйір бұрыш 30°. Параллелограммның ауданын табыңыз.
2. Ромбының қабырғасы 6 см, ал бір бұрышы 150°. Ромбының ауданын табыңыз.
3. Параллелограммның диагоналі оның қабырғасына тең. Параллелограммның ауданын табыңыз, егер оның үлкен қабырғасы 15,2 см, ал оның бір бұрышы 45° болса.
4. АВСD параллелограммында В бұрышы доғал. АD қабырғасының созындысында D төбесінен тысқары жақта Е нүктесі белгіленген.
ЕСD = 600, СЕD = 900, АВ = 4 см, АD = 10 см. Параллелограммның ауданын табыңыз.
Топ басшыларының айтуымен әр топтан әр есепті тақтада түсіндіріп көрсететін оқушыларды тағайындайды. Баланың жауап берудегі еңбегін өзге балалар бағалайды.
Қосымша 3
|
Сабақтың соңы
43 - 45 мин
|
Рефлексия.
Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …
Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …
Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …
Үй тапсырмасы. Формуланы қорытуды меңгеріп келу. №№1-4
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.
|
Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.
|
Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.
|