10.1В бөлім: Тригонометриялық функциялар
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты
|
10.2.3.1 Тригонометриялық функциялардың анықтамасын, қасиеттерін біледі және олардың графигін салады;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
- және функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;
- y=tgx және y=сtgx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;
|
Бағалау критерийлері
|
Тригонометриялық функциялардың графигін дұрыс салады.
Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін дұрыс анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
тригонометриялық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;
графикалық кескіндеу арқылы тригонометриялық функциялардың қасиеттерін сипаттайды;
Пәнге тән лексика мен терминология:
асимптоталар;
функцияның тақтығы/жұптығы;
максимум және минимум нүктелері;
период;
амплитуда;
тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіру: созу, сығу, координата осі бойымен параллель көшіру, симметриялы кескіндеу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сабақтың бағалау критерийлері бойынша терминологияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін меңгеру барысында тиімді тәсілдерді қолдану арқылы топпен, жұппен және жеке жұмыс істеуде өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математикалық терминдерді үштілде игеру барысында орыс және ағылшын тілдері пәндерімен;
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Осы сабақта оқушылар қандай интербелсенді тақта мен тыңдалым слайдтарын басқару дағдыларын дамыта алады.
|
Бастапқы білім
|
Негізгі тригонометриялық функциялардың, яғни функцияларының, анықтамаларын және мәндерін қолданады
|
|