Сабақ Тақырыбы: Тұсаукесер. Тұсаукесерді безендіру. Сыныбы: 6 «а»



бет1/3
Дата14.06.2023
өлшемі483,04 Kb.
#101397
түріСабақ
  1   2   3



Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

Ашық сабақ


Тақырыбы: Тұсаукесер. Тұсаукесерді безендіру.
Сыныбы: 6 «а»
Пән мұғалімі:Қанатбава Баршагүл Алдабергенқызы


2018-2019 оқу жылы
Бекітемін:_____________
Оқу ісі меңгерушісі: Абденова А.Ж.
Күні:24.02.2019
Сыныбы: 6 «а»
Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер. Тұсаукесерді безендіру.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Microsoft Power Point бағдарламасымен жасалған тұсаукесердің безендірілуін үйрету, слайдтарды, мәтін элементтерін безендіру элементтерімен жұмыс жасауға үйрету
Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың типі: Өткен тақырыптарды қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, интербелсенді тақта, оқулық, шоколод қағазының қиындылары, тест сұрақтары т.б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындық деңгейлерін бақылап, сабақта кім жоғын белгілеу.
ІІ. Қауіпсіздік ережесін қайталап еске түсіру. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
Компьютердің жанына порфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады.
Клавиатура үстіне артық заттар қоюға тыйым салынады.
Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, жанындағы оқушыларды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезіндегі көзді экраннан 60-70 см.қашықтықта ұстау керек.
Кабинетке кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі.
Жұмыс жасап отырған кезде компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.
Компьютерде жұмысты аяқтаған кезде мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіріп, жұмыс орнын ретке келтіру қажет.

Оқушыларға сабақтың мақсатын, барысын айту. Қазіргі сабақ «Power Point» компаниясының 45 минуттағы жұмысын сіздер, оқушылар көрсетесіңдер. Әуелі осы компанияға жаңадан жұмысшы қабылдану керек. Ол үшін осы редакторға байланысты сынақтан сүрінбей өтулерің керек. Сіздерге сәттілік тілеймін!






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет