Сабақ тақырыбы: Векторлық редактор Corel draw жұмыс жасау аймағымен танысу



бет3/3
Дата01.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#46633
түріСабақ
1   2   3
Мәзір қатары:

Файл-құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.
Правка – әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т.б орындауға болады.
Вид- Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Макет- Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.
Упорядочить-объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.
Эффекты-объектіге түрлі эффектілер беру.
Растровые изображения – Растрлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған.
Текст-мәтінмен жұмыс жасауға арналған.
Инструменты – бағдарламаны баптауға мүмкіндік береді.
Окно-қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.
Ішкі терезені басқару батырмалары – жинау, жаю, жабу.

  1. Стандарттар қатары: Құру, Ашу, Сақтау, Баспаға шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою, Кері қайту, Алға өту, Импорт, Экспорт, Бағдарламаның қосымшаларын ашу, Веб –түйін, парақ масштабы.

  2. Қасиеттер панелі: Парақ немесе белгілі бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен, айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту, т.б.

  3. Жұмыс аймағы: Алғаш бір парақ Страница 1 деген атпен ашылады. Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу перед немесе после текущей) және парақтың атын (тышқанның оң жағын парақ атауының үстінде тұрып шерту, Переименовать страницу) өзгертуге болады. Жұмыс аймағының үстіңгі және сол жағында сызғыш орналасады.

  4. Анықтама: Бағдарламамен жұмыс жасауға, әрбір объектімен жұмыс жасау тәсілдері туралы кеңестер алуға болады.

  5. Түстер: Түстерді таңдау мүмкіндігін береді.

  6. Қалып күй қатары: объектінің парақтың қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы туралы анықтама көрсетіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет