Сабақ тақырыбы: Заттар қандай болады? Сабаққа негізделген оқу мақсаты



Дата23.11.2022
өлшемі336,4 Kb.
#52081
түріСабақ
Байланысты:
5 сабақ Заттар қандай болады








Күні Пән: Жаратылыстану
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері

Мектеп: 18 орта мектебі
5 сабақ









Сабақ тақырыбы:

Заттар қандай болады?







Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.3.1.1 заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну









Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Заттардың басқа затқа айналуы қалай жүретінін біледі;
Оқушылардың басым бөлігі: Заттың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтайды.
Кейбір оқушылар: Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеттері қалай өзгеретінін түсіндіреді;
Заттар қасиетіне байланысты қалай қолданылатынын анықтайды.







Бағалау критерийлері:

-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;







Тілдік мақсаттар

Терминология:







Қайнау, таза зат, қоспа,балқу,







Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.







Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Заттардың әртүрлі үдеріс кезінде қасиеті өзгеретінін біледі.







Жоспар







Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы
2мин
5мин
3мин
2мин
Сабақтың ортасы



Кіріспе тапсырма. Заттар өзгеріске түсе ме?

  • Табиғи заттар таза және қоспа деп бөлінеді. Айналамыздағы заттардың барлығы дерлік қоспа түрінде кездеседі. Қоспа-әртүрлі бөлшектерден құралған зат. Мысалы, ауа-газдардың қоспасы. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын бұйымдар, тағам, киім-кешектің де құрамында әртүрлі заттар болады. Таза зат табиғатта өте сирек кездеседі. Ол бір ғана заттан тұрады.

  • Кез келген затқа әсер ету, яғни оны балқыту, қайнату, еріту, араластыру арқылы заттың құрамын, күйін өзгертуге болады. Заттың осындай өзгеріске түсуі оның қасиетіне жатады.





Сәлемдесу

Заттардың балқуын, қайнауын және еруін көрсететін бейнежазба немесе сурет;


темірден жасалған құбыр бөлігі, тот басқан шеге, қасық, кілт, есік тұтқасы,
темір балға,
магнит.






Жеке жұмыс. Тест

  • Сұйық заттардың жоғары температурада бұға айналуы не деп аталады?

  • еру

  • қайнау

  • балқу

  • қату




  • Заттардың өзгеріске түсуі оның ...... жатады

  • қайнауына

  • қасиетіне

  • еруіне

  • балқуына

  • Дистилденген су дегеніміз не?

  • тазартылған су

  • кір су

  • көлдің суы

  • қоспалардан тұратын су

  • Қоспа дегеніміз не?

  • Әртүрлі бөлшектерден құралған зат

  • таза заттың қалдығы

  • газдардың жиынтығы

  • Ол бір ғана заттан тұрады




  • Заттың қатты күйден суық күйге айналу үдерісін қалай атаймыз?

  • еру

  • қату

  • қайнау

  • балқу





Соңы
1 мин



Рефлексиялық кезең.
Кері байланыс. «Бағдаршам»
1) Мен түсіндім
2) Мен түсіндіре аламын
3) Маған көмек керек
ҚБ мұғалімнің кері байланысы Кері байланыс парағы

стикер






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет