Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 1,6 мГн, электр сыйымдылығы 0,04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу 200 В. Контурды идеал деп, есептеп, ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (Жауабы. 1 А)
Тербелмелі контур сыйымдылығы 2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 1 Ге катушкадан тұрады. Конденсатор астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (Жауабы: 0,5·10-6 соs630t ).
Индуктивтігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болма, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? ( 50Гц; 0,02 с)
Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен әр астарының ауданы 100 см2 ауалы жазық конденсатордан тұрады. Контур 2·107 Гц жиілікте резонансқа түстеді. Конденсатор астарларының ара қашықтығы қандай? (0,14 см).
ІІ нұсқа.
Индуктивтік катушкадағы токты 1А-ге өзерткенде 0,06 с ішінде 0,2 В ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушкадан және сыйымдылығы 14100 Ф конденсатордан тұратын генератор шығаратын радиотолқынның ұзындығы қандай болады? (77500 м).
Кернеудің әсерлік мәні 127 В тізбекке индуктивтігі 0,16 Гн, актив кедергісі 2 Ом катушка мен сыйымдылығы 64 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Тербеліс жиілігі 200 Гц болса, ток күшінің әсерлік мәні қандай? (1,2 А).
Индуктивтілігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болса, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? (50 Гц; 0,02 с).
Тербелмелі контурдың сыйымдылығы 8 пФ конденсатор мен индуктивтігі 0,5 мГн катушкадан тұрады. Катушкадағы ток күшінің максимал мәні 40 мА болса, конденсатордағы максимал кернеу қандай? (317 В).
ІІІ нұсқа.
Тізбектегі ток күші i=8,5sin(628t+0,325) заңымен өгереді. Ток күшінің әсерлік мәнін, оның бастапқы тербеліс фазасы мен жиілігін табыңдар.
Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 4 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордағы зарядтың тербелістер амплитудасы 100 мкКл. q=q (t), i=i (t), u=u (t) теңдеулерін жазыңдар. Ток күші мен кернеу тербелістерінің амплитудаларын табыңдар.
Тербелмелі контур әрбір астарының ауданы 100 см2 ауа конденсаторы мен индуктивтігі 10-5 Гн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периоды 10-7 с. Конденсатор астраларының ара қашықтығын анықтаңдар. (3,49 мм)
Егер тербелмелі контур индуктивтілігі 2·10-3 Гн катушкадан және жазық конденсатордан тұрса, ол қандай толқын ұзындығына арналған? Конденсатор пластиналарының ара қашықтығы 1 см, пластиналардың арасын толтырып тұрған диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, пластиналардың ауданы 800 см2. (2350 м).