ІІІ. Қорытындылау. IV. Бағалау, V. Үйге тапсырма: Қайталау. Рымкевич есептер жинағынан:
№938, №940, №945
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §2.1. Айнымалы ток.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға айнмалы ток, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. «Электромагниттік тербелістер» тарауын қорытындылау. ІІІ. Жаңа сабақ. Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды.
Берілген уақыт мезетінде өткізгіштің кез келген көлденең қимасындағы ток күшінің мәні, яғни ток күшінің лездік мәні бірдей болса, мұндай токты квазистационар ток деп атайды.
Айнымалы ток генераторының құрылысының принциптік сұлбасы:
IV. Пысықтау. Айнымалы ток деп нені айтамыз?
Айнымалы ток тізбегінің барлық көлденең қималарында кез келген уақыт мезетінде ток күшінің лездік мәні бірдей болатыны неліктен?
Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіздер.
V.Есептер шығару.№2.1.4, №2.1.5, №2.1.6, №2.1.7.
VI. Қорытындылау. VII.Бағалау. VШ. Үйге тапсырма: §2.1. Айнымалы ток. №2.1.1, №2.1.2, №2.1.3, №2.1.4.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §2.2, §2.3. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі.Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға актив кедергі, актив кедергідегі кернеу мен ток күшінің теребіліс теңдеулері, ток күші мен кернеудің әсерлік мәні,сыйымдылық кедергі туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.