Бақылау сұрақтары:
Топтастыру туралы ұғым.
Мазмұны, даярлау, мақсаты мен шығару орнына қарай, заңдылық күшіне қарай құжаттарды топтастыруды атаңыз.
Мазмұны мен қызметіне қарай қандай топтарға бөлуге болады?
Анықтамалық- ақпараттық құжаттар
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық-анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық-бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |