Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық


Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)



бет38/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   191
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)





ЖАҚСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР

 

Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,



Шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,

Ызғар сіңген жеріме шуақ керек,

Мұқтаж оған ауыл да, астана да.
Сәулеңменен себеле үміт демін,

Жер бетінен жылыссын күдіктерім.

Адамдардың сатқындық, сұмдығынан

Қалжыраған жерімді жібіт менің.


Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,

Қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.

Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,

Қу бәрін де – соңына бұрылмасын!


Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,

Қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып

Қазағымның елдік пен намыс туын.


Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,

Жүректерді жүрекпен жалғастырып.

Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –

Ынтымақтан туындар бар жақсылық!

Фариза Оңғарсынова

Шығармашылық жұмыс «жақсылық» туралы өлең құрастыру



1-ші топқа

......................................................................... өзіңнен,

............................. .............................................көзіңнен.

............................................................................өзіңнен,

............................. ...............................................сөзіңнен.
2-ші топқа

 ................................. ..............................................адам,

................................................................................ жасаса.

................................................................................... қадам,

....................................................................................орнатса.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет