Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық


Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер



бет124/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   191
Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: әділеттілік, жанашырлық, адалдық

Мұғалім: Кушукмбаева Перизат Сынып: 9 «В», «Д», «Е»

Cабақтың мақсаты:Оқушыларға жер шары,әлем туралы түсініктерін кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеті:

Адамның жершары ұрпағы екенін,адамгершілікпен құрметтеу керек екенін түсіндіру;

Елін,жерін,әлемді қадірлеп,қастерлей отырып,іскерліктерін жауапкершілікпен

орындауға баулу.

Адамзатты сүйюге, адалдыққа тәрбиелеу.


материалдар: үлестірме қағаздар, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

оқушылармен амандасу , көңіл күйлерін сұрау, сабақты жағымды күйге келтіру



Тыныштық сәті; ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

.1.Қандай сезімде болдыңдар?



2.Су астындағы көрініс әсер етті ма?

Баяу әуен



Үй тапсырмасын тексеру:

Оқулықта берілген « Жан дала-жәннәт дала» оқып келу

Жер шарында адамдарға бейбіт өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыз?

Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік ұғымдарына қандай сипаттама бересіз?



Бір-екі оқушыға оқытып талқылау.

Дәйексөз.

«Жер шарын мекендеген бүкіл халық,Туған ел дәстүрінен қуат алып... » Н.Баймухамедов



Сұрақ: 1.Өлең сөздерінен не түсіндіңдер?

2.Жер шарымен адам арасында қандай байланыс бар.?



Нығмет Баймухамедов 1904-1969 Орал обылысы, Жымпиты ауданы №1 ауылда туған . Ақын, аудармашы, режиссер,

ҰОС ардагері



Оқиға айту. Жер ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады

.  

Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.



Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.



 



Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.


Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді. 


 Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.

Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен



қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталу мүмкін. 


Интернеттен алынған

Композитор Т. Мұхаметжановтың әңгімесінін. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет