2)Үй тапсырмасын тексеру.
|
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
|
ІІ. Дәйек сөз.
|
|
ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
|
|
Топпен ән айту.
|
|
Үй тапсырмасы.
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: ___________________ Мерзiм: ________________№ 31 – 32 сабақ
Тақырып: Адам және Жер шары
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық
Мұғалiм: ____________________________ Сынып «9а» Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты:
«Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту;
өзін,қоршаған әлемді түсіне білуге, танып - білуге баулу;
сүйіспеншілікке,ізгілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Оқулық
Дәптер
Аудиокассета
Интербелсенді тақта
Бейне көрініс
|
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Баяу әуен ырғағына көзімізді жұмып , арман қиялына қанат сермейміз.Түн жым-жырт. Желде жок. Толған ай, төбеде биіктеп, нұрлана жарқырап тұр. Жұлдыздар да алыстан, ұзақ ұшқын шашылғандай, сәл ғана жылт-жылт етеді. Аспан әлемі ерекше кеңейіп, шексіз жиһан барынша ғажайып жайнап бізге нұрын шашып тұр.Арман - алға жетелейтін жарық жұлдыз. Қиялымыз шындыққа айналып, арманымыз орындалды.Терең дем алайық,қандай тыныштық!
Біздің қолымыздан бәрі келеді!Қандай жақсы сезім!
Өз қалпымызға келейік.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
"Әлемді тербеткен адам" эссе
"Жұлдызым менің жоғары" эссе
|
|
Дәйексөз
Сабақ тақырыбын оқушыларға кеңірек түсіндіру үшін дәйексөз берілген.
«Адам –ғалам,ғажайып,жеке дара,
Жан құмары іздеген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана»-деген өлең шумағы алынған. Сабақтың дәйексөзін оқушыларға таныстырып,мағынасын қалай түсінетіндерін сұрау.
"Мен - әлем бөлшегі" бейне көрініс
Мұғалім сыйы
М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының "Қақтығыс" атты бөлімінен үзінді оқу
"Жұлдыздар әлемінде" бейне көрініс
|
|
Әңгімелесу
Түнгі әлем көрінісі Әбішке қалай әсер етті
Өздеріңнің ай-жұлдызбен сырласқан кездерің болды
ма?
Ай - сәулесінің жұмбақ кейпін аңғарған кездерің болды ма?
Адам өмірінің жұлдызды сәттері дегенді қалай түсінесің?
Ғаламды тану адамға қандай мүмкіндіктер береді?
Адам мен әлем тұтастығын неден байқауға болады?
Өз өмірін және қоршаған дүниені жақсарту үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
|
|
Топтық жұмыс
Ойын "Жұлдызнама"
|
|
Топпен ән айту
М.Мақатаев «Армысыңдар адамдар» өлеңін оқиды.
"Ақ көгершін" әні
|
|
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс "Сен қандай адамсың" атты тестіде берілген сұрақтарға жауап жазу.
|
|
Қорытынды тыныштық сәті
Баяу әуен ырғағына көзімізді жұмып , арман қиялына қанат сермейміз. Егер сіздер торығып, ішкі жан дүниеңіз құлазыса, онда күйбең тіршілікті бір сәтке доғарып, тек әсемдік жөнінде ойлаңыз. Күніне үш рет өмірден ләззат алып, шаттыққа бөленуді әдетке айналдырыңыз. Жұлдыздарды бақылаңыз, достарыңызбен сөйлесіңіз, кеш қараңғылығында серуендеңіз, үйіңізге басқа жолмен барыңыз, кездескен адамға жылы шыраймен қараңыз.
Бүгінгі сабақта өткен барлық іс - әрекеттерді, алған жақсы әсерлеріңізді жүрекке түйіп алыңыздар.
|
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: ___________________ Мерзiм: ___________№ 33 – 34 сабақ
Тақырып: Махаббат өмір өзегі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, шыдамдылық
Мұғалiм: ____________________________ Сынып «9а» Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Махаббат» құндылығы туралы түсінік беру, адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың міндеттері:
- махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы сезім екенін, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы іңкәрлігі екенін білдіру;
- адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметпен қадір тұтуға баулу;
- сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тыныштық сәті, СТО технологиясының стратегиялары, тапсырма, мәтінмен жұмыс, түйіндеме, шығармашылық жұмыс, дәйексөз.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру
Базалық білім: өмір құндылықтарының жалпы адамзаттық, рухани-адамгершілік мәнін түсіну, өзара адами қарым-қатынастарды тани, бағалай білуді меңгерту.
Сабақтағы технология: сыни тұрғысынан ойлау (СТО)
|
Ресурстар:
оқулық, дәптер, үнтаспа, DVD, қазақ әуендері, теледидар, түрлі түсті фигуралар, нақыл сөздер.
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2)Үй тапсырмасын тексеру.
3) Оқушылар түрлі-түсті фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады.
|
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
|
ІІ. Дәйек сөз.
«Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет сезім» (Абай)
|
|
ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)
Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Тапсырма: топтар бойынша:
1-топ. «Мөлдір махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ. «Шынайы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?
3-топ. «Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіңдер?
4-топ. «Ғашықтық». Бір көргеннен ғашық болу.
Оқушылар өз мүмкіндіктерінше анықтама беріп, пікірлерін білдірді.
Түйіндеме: оқушылардың ой-пікір, анықтама беру сөздеріне сүйене отырып, құрметтеу, бағалау, сыйлау, махаббат деген ұғымның ортақ екенін, адам жанына ерекше жақындығына сай ықылас-ынта сезімнің басқаша екеніне көзін жеткізе айтып түсіндіру. Махаббаттың бар адамға ортақ сезім екенін, егер махаббат болмаса өмірде мән де, құн да болмайтынын айтып түсіндіріп, ойларын қорытындыладым.
II Мағынаны тану.
Мәтінмен жұмыс.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні оқу, талдау.
Жақсы жігіт, сұлу қыз соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде, Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған қызыл сәуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айырылмасқа, кетіспеске серт еткендей. Қазіргі әсем әнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу әнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Ән айтқан жоқ, екі бірдей ынтық жан қауышып табысқан шаттық айтты. Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да: «Көрші бізді, кінәлап көрші!» дегендей.
Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта жас сұлудың жүзінен бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абайға қадала қарап езу тартты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп, ішінен алғыс айтқан тәрізді. Қарлығаш қанатының ұшқындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп-жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды.
Бағанадан бері соншалық көп, тілсіз сәлем жолдаған Абай, енді әннің сөзін өзгертіп алып, басқаша айтып кетті. «Сағындырған ғашық жар, ынтығы іште жүрген шерлі досын кінәлаудан тоқтар ма екен? Бар дүние, бар сырын, барлық бақыт тілегін бір өзінің шұғыласына құрбан етем деп келсе, не дер екен!» деген бір өзгеше сыр кетті.
Талдау барысында оқушылардың назарын әсерлі көркем суреттеудегі сезім шаттығына, оның шексіз ләззатына бөленген қыздың жан құбылысын, шуақты ләззатын жастар сезген қуанышты, шаттықты, махаббат деген құдіретті сезімді сыйлаған ғажап жан шуағына аудару.
Өзіммен-өзім: үнтаспадан «Мерекем – сен» әні баяу естіліп тұрады. (Сөзі мен әні: Қ.Қозыбеков)
Оқушылардың ой-қиялын дамытып, мінез-құлықтарына жағымды әсер етеді.
Түйіндеме: оқулықпен жұмысты жалғастыру. І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романынан үзіндіні оқыту, талдау.
Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау – бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата-анасын, туған бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса, жанын құрбан етуден бас тартады? Меніңше, бұл – қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс. Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан-тәнімен сүю, ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет.
Сен махаббаттан құмарлықты, еркек пен әйелдік сезімді алып тасташы, сонда бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар – шын ғашықтар.
Талдау барысында оқушылардың назарын махаббаттан құмарлықты алып тастағанда да бір-біріне іңкәрлік пен сағынуы нағыз сүйіспеншілік екенін айтып, көзсіз құмарлықтан сақтандыру, жаза баспау, ар-ұят, намыс т.б. адами қасиеттерді кірлетпеу туралы айтып, естеріне сақтауды ұсыну.
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді»
Оқушыларға ақын, жазушы, суретші, композиторлардың махаббат туралы жазылған шығармаларын көрсете отырып, тапсырма беріледі. Әр топ жеке-жеке тақырыпты дәлелдеп, ән-жырға тақырып бойынша кезек береді.
Ата-анаға деген махаббат. Сөзі Ғ.Қайырбековтың, әні Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні шырқалды.
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы: Әлдилеп аялап
Өсірген жемісін.
Самал жел, саябақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
2. Сөзі М.Шаханов, әні Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні шырқалды.
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
3. Отанға деген махаббат. Сөзі Ш.Сымаханұлы, әні Ж.Тұрсынбаевтың «Таң нұрындай Отаным» әні шырқалды.
Сенде ғана жаралдым,
Таң нұрындай Отаным.
Сенен ғана нәр алдым
Көз нұрындай Отаным
Шоқ жұлдыздай көктегі
Бауырласып көп елмен
Достық күйін шерткелі
Көсегеміз көгерген
Ана сүтін арда емген
Ақ пейілді қазақпын
Бесік болып тербеген
Алтын қанат азат күн.
4. Туған жерге деген махаббат. Сөзі Қ.Мырза Әлі, әні Е.Қасанғалиевтің «Атамекен» әні шырқалды.
Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясынан
Қимай оны батады екен.
5. Досқа деген махаббат. Сөзі Х.Закариянов, әні О.Көшеровтің «Достарыма» әні шырқалды.
Толтыра көңілдің отын достарым
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын
Жүрсіңдер, сендер, қолтықтан демеп достарым.
Қайырмасы: Жабыққан сәтте қас қағым,
Жаныңды ұғар басқа кім
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап достарым.
Сабақты қорытындылау: Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, өмірде «махаббат – өмір өзегі», «бәрінің бастауы – махаббат», бар жақсылық махаббат арқылы келеді деп сабақты аяқтаймын.
|
|
Топпен ән айту.
«Мерекем – сен» әнін орындайды. Сөзі мен әні: Қ.Қозыбаев.
Махаббатым нәр бердің
Жүрегіме, жаныма
Ғұмырыма гүл ектің
Арманыма, жолыма.
Қайырмасы: Жан шуағым – мерекем,
Іздегенім сен екен
Өзіңменен шаттанып
Кірер менің берекем
|
|
Үй тапсырмасы.
«Бәрінің бастауы – махаббат» атты эссе-шығарма, өлең жазу.
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |