Сергіту сәті
2-мин
«Атамекен» әнін орындау
Оқушылар барлығы бірге «Атамекен» әнін айтады
Үйге тапсырма
2-мин
Үйге тапсырма «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында шығарма жазу.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Тексерілді_______________________
Жер ана туралы аңыз.
Ертеде ЖЕР кіршіксіз таза болған.Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жарын күтумен болған келіндей сақтаған.Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді.Ол жануарлар әлемінің үйлері,табындары мен отарларына пана болды,оларға азық берді,ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап,оған ұқыпты қарады..Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды.Ол құдіретті ,зор,әрі сымбатты болды.Ол күлгенде онымен бірге күн күлген,ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын.Ол ән айтқанда аспан мен жел қосылып ән айтатын..Сондықтан жер оған ғашық болды.Олда жерге ғашық болды,оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігімен көркемдігіне,асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.
Уақыт өте келе олар балалы болды.Сәбилері өсір,оларда нәресте сүйді .Сөйтіп ұрпақтары жалғасып ,әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махаббаттан алыстай берді.Жер ана олар үшін өмір сүрудің,байлықтың қайнар көзіне айналды,ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп,бірі сенбейтін аңызға айналды.Олар өздеріне қажеттіліктері үшін жер жыртып,егін егіп,оны жинап,арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады.Тамақ іздеп олар жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты, алтын және басқа қазба байлықтар іздеп , жерананың денесінің әр жерін ойып, тесті.Бірақ бұл аз болып жарылыстар жасап,өздері сияқтылардың көзін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-біріне қолданды. Жер ана осының бәріне шыдады.Адамдар ұлы махаббат перзенті ғой деп,бір күні естерін жияды деп сенді.Өзі сеніп тапсырған Тәңір адамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміт күтті.Осыдан кейін адамдардың есіне саламын шыдамның да шегі барын көрсетемін деп,күш көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан ,алтынның зыңылынан керең болған , сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәләрі шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың еліне айналып ,надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп,әрі қарай өмір сүре берді. Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлаған адамдарды шайды,Тәңір адам адамдардан сырт айналып жай Тәңір болды.
Егер адамзат жерге қайырымды болып,нағыз сүйспеншілігін көрсете алмаса,Тәңірадамға, адамға шынайы сенімін қайтара алмаса, Жерана мен Тәңірадамның махаббат дастаны,адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішпен аяқталуы мүмкін.
сұрақтар қою:
1.Неге жерді жерана дейді?
2.Жерананың құдіреті неде?
3.Қазіргі кезде жер мен адам арасында қандай байланыс бар?
4. Анаңды қалай жақсы көрсең жер ананы да солай сүй деуінің мәні неде?
Достарыңызбен бөлісу: |