1.Әдептілік –адамгершілік бастауы дегенді қалай түсінесің?
2. Өз әрекетіңнен немесе досыңның әрекетінен ұялған кезің болды ма?
3.Сәлем-сөздің анасы дегенді қалай түсінесің?
4. Әдеп пен құқықтың байланысы бар ма?
5.Әдеп отбасынан басталады дегенге қалай қарайсың?
Мәтінмен жұмыс.
а/.М. Әуезовтың «Абай жолы»эпопеясындағы отбасы әдебі туралы түсінік беру./Мәтіннен үзінді слайдтан көрсетіледі /. ... Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді шешесі анадай жерде тұрып: - Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді.
Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар- әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырдың мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. ( М.Әуезов. “Абай жолы”)
ә/.2-мәтіннен үзінді оқулықтан алынады/... Ата-енеңді ренжітпе,жерге қаратпа.Енеңнің қолынан бейнетін ал. Байқаймын , олар да өзіміз сияқты момын адамдар көрінеді. «Отымның алды, суымның тұнығы,-деп енең байғұстың көрген беттен-ақ саған еміренгенін айтсаңшы. Енді қайтсін, бұл шаңыраққа тұңғыш түскен келіні екенсің. Сол ниетінен табыла көр, балам. »
Жағдаятты талдау.а/.Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер:- Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады,-деп мақтай жөнелді./Арман туралы бұл пікірдің қалыптасуының сыры неде?/
ә/. Оқушылар екінші жағдаятты өздері құрастырады./Өмірден мысал келтіріңдер/.
Жаңа ақпарат. Мұғалім әдептілікке инабаттылық, сыпайылық, ізеттілік, көркем мінездер, қарапайымдылық , тәрбиелілік жататындығы туралы , ал әдепті адам -адамгершілігі бар адам, демек әдеп- адамгершілік бастауы екендігі туралы сөз етеді. Әдеп пен салт-сана сабақтастығына мысал келтіре отырып әңгімелейді.ҚР-ң Конституциясынан,Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен үзінді келтіре отырып,әдептің тәртіп нормалары ,құқық нормаларының бастауы екенін түсіндіреді.