Сабақ Тақырып: «Педагогикалық технологиялар»



Дата14.03.2023
өлшемі15,66 Kb.
#74079
түріСабақ
Байланысты:
№1 Тәжірибелік сабақ (2)


1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ


Тақырып: «Педагогикалық технологиялар» ұғымының тұжырымдамалық негіздері

Мақсаты: "Педагогикалық технология" ұғымының мазмұндық бағдарын анықтау, педагогикалық технологияның қасиеттерін зерделеу.


Тапсырма:


1 «Педагогикалық технология» ұғымын талдау жасау
«Заманауи педагогикалық технология» сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен «технология» ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Педагогикалық, психологиялық сөздікте «Педагогикалық технология» – педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы.


Орындауға қажетті оқу тапсырмалары
2. Педагогикалық технология түсініктерін талдап, кестені толтырыңыз (кесте. 1)
Кесте 1 «Педагогикалық технология» ұғымының анықтамаларының категориялық бағыттары

Автор

Ұғымның анықтамасы

Мазмұнды сипаттама

Т.А.Ильина

«Технология» technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.



Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған.

М.В. Кларин

«Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді».




В.М. Монахов

Ғалымның пікірінше: «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».

Ғалым-академик В.М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады.

В.П. Беспалько

«Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы», - деп көрсетеді.

Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.



Б.Т.Лихачев

«педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, әдісін, тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»,- деген анықтама берген.




Селевко Г.К.

  • ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық процесті және оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;

  • бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістермен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін процесс,

  • нақтылы іс-жүргізу: технологиялық процесерді жүзеге асыру, педагогикалық, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау.

«педагогикалық технология» түсінігін, 3 аспект бойынша қарастырады:



Н. Ф.Талызина

оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).






Г.М.Құсайынов

Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа.

Кесте 2 Оқыту түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы





Педагогикалық үрдістің компоненттері

Дәстүрлі оқыту



Инновациялық оқыту

Мақсаты

Білім жүйесін, ғылым негіздерін қалыптастыру
Әр оқушының жан-жақтылығын қалыптастыру
Алдын-ала белгіленген қасиеттерге тәрбилеу.

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық əрекетін дамыту

Оқыту принциптері

ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.




Оқыту мазмұны

сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание), мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқыту құралдары

Сөйлеу, жазу, схемалар, өнер туындылары, диаг-рамма сияқты құралдар

Компьтерлермен оқу - бұл оқу үдерісінің жаңа түрі болғандықтан оқытудың жаңа құралдары мен әдістері қолданылады, белгілік және графиктік модельдердің түрлері, мультипликациялық құрлдар пайдаланылады.

Оқыту әдістері

  • Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері

  • Оқу-танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері

  • Оқу-танымдық қызметті ынталандыру әдістері

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Оқыту түрлері

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-əрекет

Оқыту шарттары

Оқытудың нəтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзінөзі бағалау, рефлекция



Қолданылатын әдеби көздер
1 Эрганова H. Е Введение в технологии профессионального обучения: монография; Рос. гос. проф.-пед. ун-т. Екатеринбург, 2009.-151 с.
2 Педагогические технологии в современном образовательном процессе. Учебное пособие- М.: Мир науки, 2016. - 284 слайда. ISBN 978-5-9907958-6-0
3 Б.Т. Абенова, Н.Ж. Тастанбекова Кәсіптік білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. 5В01200- Кәсіптік оқыту (салалар бойынша). – Астана, 2015

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет