Жаңа сабақ
1.Осыдан жүздеген жылдар бұрын Лао – Цу деген қытай оқымыстысы былай деген екен: «Мен бағынатын үш түрлі бағалық бар: 1-шісі мейірімділік, 2-шісі ұқыптылық, 3-шісі – қарапайымдылық. Осы үш бағалық мені өзгелерден жоғары қоюға мүмкіндік береді. Мейірімді бол – сен күшті бола аласың, ұқыпты бол –сен кең пейілді бола аласын қарапайым бол, яғни өзіңді өзгелерден жоғары ұстаудан бас тартсаң, барлық адамдар ішінде көсем бола аласың» дей келе әрбір кәсіпорынның президенттеріне сөз беремін.
Әр кәсіпорынның президенті: Әрбір кіәсіпорынның мамандарына 10 минуттан уақыт беріледі.
Кәсіпорынға қысқаша мінездеме беру;
Кәсіпорынның атрибуттарына сипаттама беру (эмблема, және т.б.)
2. «Өндіріс нәтижелерінің өсуі – ол фирмалар мен ұйымдардың басты мақсаты. Өндірісті ұйымдастыру, маман, өндірістік бөлімнің басшысы» меңгерушісі, шаруашылық коммерция аймақтарында шешім қабылдайтын адам және қызметтерді ұйымдастыру – менеджерлер, яғни менеджерлер өз мамандарымен таныстыру және басқа фирмалар мен жұмыстарды, қызметтерді ұйымдастыру. 5минуттан уақыт беру.
3.Өнер алды – бірлік,
Ырыс алды тірлік. (Абайдың 6-шы карасөзінен)
«Мұқтаждық, қажеттілік сұрау салу, тауар айырбас, мәміле және нарық маркетингтің негізгі элементтері болып табылады». Ендігі сөзді кәсіпорындардың маркетологтарына берейік:
Әрбір кәсіпорын өз өнімдері туралы қысқаша сипаттама береді;
Тауарды нарыққа шығару жолдары. (10 мин.уақыт беру)
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз еліміздің зерделі де зерек, ұлтжандылық пен елін, туған жерін, Отанын сүйетін, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігімен мүддесіне жұмсайтын, азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан, білікті, заманына сай, еңбек нарығындағы бәсекелеске қарсы тұра алатын мамандарды тәрбиелеу».
4.Кәсіпорын президенттері өздеріңіздің кәсіпорындарыңыздың алдағы 5 жылдан кейін қалай көргіңіз келеді, оның болашағы туралы туралы ойларыңызды естісек. Кәсіпорын басшыларының өз ойлары. (5мин)
5.Әрбір кәсіпорын менеджерлеріне ситуациялық есептер, 5минуттан уақыт беріледі.
6. Маркетологтар тапсырмасы – ол өздерінің қарсы отырған ЖШС «Ақ нәр» және ЖШС «Достық» кәсіпорындарында байланысты жарнама даярлау.
7.Кәсіпорын мамандары жарнамаларын дайындап болғанша сіздермен бізге «Бой сергіту, ой сергіту». Презентация көрсету.
8.Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында «Өндіріс – өнеркәсіптерімізді жетілдіру, бәсеке лайық өнім шығару, білімді жастарымыздың қатарын көбейту – уақыт оздырмай жүзеге асырар міндеттер. Келелі келешек те, білімде...» деп ерекше атап көрсетті.
Сол сияқты бізде болашақта гүлденген Қазақстанды көргіміз келеді, оның экономикалық – әлеуметтік дамуына үлес қосатындар, бүгінгі біздің алдымыздағы шәкірттеріміз, ертеңгі еліміздің ірі кәсіпорын иелері және сол кәсіпорындардағы мамандар.
Сабағымыздың соңғы сөзінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтағым келіп тұр: «Студенттер де, жастар да біз сияқты жұмыс істеп, демалыс кезінде қаражат табуы керек. Біріншіден еңбекке машықтанады, екіншіден қаражат табады». Сол сияқты сіздердің алдағы уақытта өндірісте де, іс-тәжірибеде де сұранысқа ие болатын мамандар бола алады деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |