Сабақ тардың қалыптасуы



бет2/33
Дата07.01.2022
өлшемі272,5 Kb.
#17423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
stud.kz-99570

КІРІСПЕ

Өзектілігі: Экономика және құқық пәндерінде білім беруді жаңашаландыру – заман талабы. Және де оқушыларға білім беру қазіргі сабақ беру жүйесінде заман талабына сай даму үстінде. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың бірі дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуга болады.

И.П.Подласый «Педагогика» атты оқулығында «Дәстүрлі емес сабақ – дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы» - деп бағалайды.[1.207б]

Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды.

Дегенменде ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.

Қазіргі дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ, диспут сабақ, сабақ – конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. Сабақ-педагогикалық (оқу-тәрбие) логикалық жүйелеген құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, олардың мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп, оқушының тәрбиесі мен танымдық қабілетін дамыту, яғни сабаққа педагогикалық процестің барлық құрылымдық компоненті мақсат, міндет, мазмұны, тәсілі, әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма қатысады (Н.Д. Хмель). Бұл жағдайды тақырыпты және сабақты жоспарлағанда, күнделікті сабақты басқару, оның барысы мен нәтижесіне анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының пайда болуына көз жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты түрде оқушылар ұжымының оқу материалын саналы меңгеру, шығармашылықпен оны пайдалану. Шындығында, оқушылардың іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен өткендіктен, мұғалім іс-әрекетінің объектісін түсініп, қазіргі уақытта педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болады.

Үздік мұғалімдердің жетістігінің себептері мұғалімнің оқушылардың белсенді, мақсатты, технологиялық білгір, сабақта шығарашылықпен және сабақтан тыс уақытта оқу тапсырмасын орындауға жағдай жасаған. Дәл қазір ақыл-ойдың көптеген белсенді формасы мен оқушының практикалық оқу іс-әрекеті дидактика теориясында шығармашылық белсендіктің динамикасы қалыптасты. (Скаткин М.Н.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет