БОӨЖ тапсырмалары: 1. Ситуациялық есептер: 1. Ата-насының екеуінің де көздері қара отбасында көк көзді бала туылды. Аталған осы жағдайда қандай өзгергіштіктің нәтижесінде болып отыр? Осы өзгергіштіктің мүмкін болатын барлық механизмдерін түсіндіріңіздер.
2. Ауру ер адамның барлық жасушаларынан Х-хромасоманының артық болуы есебінен 47 хромосома анықталған. Мутацияның атын атап, оның пайда болуының мүмкін болатын механизмдерін және оның келесі ұрпақтарына берілу мүмкіндігін көрсетіңіз.
3. 12 жастағы баланың төменгі жақ сүйегінен саркома анықталған. Баланың ата-аналары сау. Аталған патология қандай мутациядан пайда болған?
4. Қызылшамен (вирустық инфекциялық ауру) ауырған әйелден естімейтін бала туылды. Болашақта естімейтін немерелері туылуы мүмкін бе?