«М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі» ЖШС
Cабақ жоспары 3.3.1. Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк. Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылайөткізгішті құралдар. (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атау: Физика
Дайындаған педагог: Тугел Ақмарал Оразбайқызы
2022 жыл қаңтар
1. Жалпы мәліметтер: Курс, оқу жылы, топ: 1-курс, ОДД-9/21-01, ЭиЖТ-9/21-01
Сабақ типі: лекция , семинар
2. Мақсаты, міндеттер:
Кирхгофтың І және ІІ ережесі туралы түсінік алу.
есептер шығаруда жұмысты, қуатты және пайдалы әсер коэффициентін есептеу формулаларын қолдану
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі -есептер шығаруда жұмысты, қуатты және пайдалы әсер коэффициентін есептеу формулаларын қолдана алады;
- Кирхгофтың 1 және 2 заңдарымен танысады
3. Сабақты жабдықтау: 3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер «Физика» оқулығы, интернет желісі
3.2 Техникалық құралдар, материалдар Компьютер, презентация (Power point) 4. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 мин)
Студенттерді түгендеу, назарын сабаққа аудару және сабақтың мақсатымен таныстыру.
4.1. «Қызығушылықты ояту» Тақырыпқа сәйкес әр түрлі деңгейде есептер шығару. Үй тапсырмасын сұрау. (15 мин)
4.2. Жаңа сабақ: (Power point сайтында дайындалған презентация) (25 мин) Материалдың электр өткізгіштігінің теориясын 1900 жылы алғаш жасаған П. Друде болғанымен, оны жетілдірген Г.А. Лоренц болды. Әр түрлі заттардың электрлік қасиетін олардағы электрондардың қозғалысы арқылы
түсіндіру электрондық теорияның мазмұнын құрайды.
Классикалық электрондық теория мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
1) Электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынады.
2) Электрондар бір-бірімен әсерлеспейді.
3) Электрондар тек кристалдық тордағы иондармен әрекеттеседі, әрекет-тесуі – олардың тек соқтығысуы ғана.
4) Соқтығысулар аралығында электрондар еркін қозғалады.
5) Денедегі еркін электрондар идеал газ тәрізді электрондық газ түзеді, электрондық газ да энергияның еркіндік дәрежесіне қарай бір қалыпты таралу заңына бағынады.
1901 жылы Рикке металдардың электрондық өткізгіштігін іргелі тәжірибелермен дәлелдеді.
Бірінші тәжірибеде электрондардың инерциялық қозғалысы тек телефон көмегімен бақыланады да, ал екінші тәжірибеде - гальванометрмен өлшеніп, электронның меншікті заряды және оның таңбасы анықталады