Сабақ типі: теориялық



Дата20.09.2023
өлшемі24,06 Kb.
#109165
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары 12


Сабақ жоспары


Тақырыбы: Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ қағанаттары
Модуль /пән атауы: Қазақстан тарихы
Дайындаған педагог: Хамракулов А
Күні: 18.09.2023
 1.Жалпы мәліметтер
Курс: 1
Топ: СТ-221
Сабақ типі:теориялық
2. Мақсаты, міндеттер

  • «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.

  • Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой – өрісін дамыту.

  • Қазақтардың арғы ата – бабалары түріктердің жан – жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

  • Түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын;

  • Әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін;

  • Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін білу

3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: карточкалар

    1. Техникалыққұралдар, материалдар: интерактивті тақта, презентация.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі М.Мұқашев, А.Сейтімов, Н.Хамзин.2008 жыл Ғаламтор

Сабақтың барысы:
Түргеш, Қарлұқ, Оғыз және Қимақ мемлекеттері
Түріктердің Таң басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді. Сөйтіп 704 ж. Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағанаты құрылды.

Түргештер Шу мен Іле аралығын қоныстанған. Алғашқы қағаны - Үшелік (704-706). Территориясы: Жетісу, Іле, Шу, Талас алқаптары. Астанасы- Суяб, жазғы ордасы-Күңгірт қалалары (Іле өзенінің бойында). Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа (түтік) бөлінді. Әр түтікте 7 мың әскер болған. Қағанат 2 қарсылас топқа бөлінді.


Қағанатта қара және сары түргештер арасында жиі талас-тартыс болып тұрды және ол тартыс Сұлу қаған басқарған қара түргештердің жеңісімен аяқталды. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы байыз таппай құбылып тұрғанды, бірақ Сұлу қаған (715-738жж.) таққа отырғалы, ол күшейе түскен еді. Әскери-әкімшілік билік «қара» түргештердің қолына тиіп, олардың ордасы Таласқа (Тараз) көшірілген болатын. Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сұлудың екі майданда бірдей күрес жүргізуіне тура келді: батыстан арабтар елеулі қауіп төндірсе, шығыстан Таң сарайы Шығыс Түркістанда орнығып алған Батыс Түрік қағандары әулетінің таққа таласушы жұрағаттарын қолдап отырды.


738 ж. Сұлу қағанның қазасынан кейін «сары» түргештер мен «қара» түргештер арасында үкімет билігін алу жолындағы ұзақ күрес-тартыс басталады. Талас пен Суяб арқылы қағанат сары және қара түргештерге бөліну жүйесі қалыптасты. Бірақ VIII ғ. 40 – жылдарынан бастап бұл жүйе ескерілмеді. Шашыранды тайпалар 751 ж. (Талас тартысы) қытай әскерлерінің жорығына тек сыртқы күштер көмегі әсерімен қарсы тұра алды. 756 ж. қағанат түркі тілді қарлұқ тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлайды.


Қағанат ішінде феодалдық қатынастар дамыды, қалалар саны және сауда-саттық арта тусті. Түргеш қағанатында мал бағумен қоса жер шаруашылығы да дамыды. Айырбастың дамуына байланысты ақша пайда болды, ақша айналымы қалыптасты. Арабтардың келуіне байланысты біртіндеп ислам діні тарала бастады.


Қарлұқтар туралы алғашқы жазба деректер V ғасыр ортасына қарай қытай жазбаларындағы Сюй әулетінде кездеседі. Онда қарлұқтар Алтай тауларының тұрғындары ретінде «бұлақ» деген атпен мәлім болған. Сонымен қоса қарлұқтар ежелгі руналық ескерткіштерде «үш қарлұқ» деген атаумен белгілі. Араб-парсы тіліндегі әдебиетте қарлұқтар жайындағы алғашқы мәлімет Табариде (737 ж.) кездеседі.


Қарлұқтар моңғолдық белгілері бар еуропоидтық антропологиялық түрге жатады.


VI-VII ғғ. қарлұқтар Тарбағатайдан солтүстікке және оңтүстікке қарай, Балқаш көлі мен Монғолдар жеріндегі Алтай тауларының арасындағы жер аумағын алып жатыр. Қарлұқтар тайпаларының басшысы «елтебер» атағын алған. Әлеуметтік және жіктік теңсіздік қарлұқ қоғамының негізгі өзегі болатын. Халықтың негізгі бұқарасы қоғамның қатардағы мүшелері еді, олар көбінесе малы мыңғырған қамқоршы байларға экономикалық жағынан кіріптар болып қалатын. Тұрғындардың негізгі бөлігін қарапайым халық құрады.


766 ж. түргеш қағандарының қос ордасы – Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. VIII-X ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан аумағын қоныс етеді. Қарлұқ конфедерациясына тұхси, әзкіштер, чаруктер, барысхандар, ұйғырлар сияқты көшпелі түрік тілді тайпалары енген.


Х ғасырдың І жартысында қарлұқтардың біріккен тайпалары біртіндеп бөлініп, қағанаттың құлдырау нышандары байқала түсті. Осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 ж. олар қарлұқтардың астанасы Баласағұн қаласын басып алды да, қарлұқ мемлекеті құлады.


Қарлұқтардың археологиялық ескерткіштері туралы деректер аса көп берілмеген. Бірақ, бізге жеткен деректер бойынша, қарлұқ жерінде 25 қала болғаны белгілі, олардың көп бөлігі зерттелген. Жалпы қарлұқтар мүлік-бұйымдары басқа көшпенді тайпалардың бұйымдарынан аса айырмашылығы жоқ. Зерттеу жүргізілген қалаларда жер шаруашылығына қатысты қарапайым заттар тіркелді.


Оғыз.Алғашқы кезеңде оғыздар тайпаларының негізгі пайда болу ошағы Жетісуда орныққан болатын, бірақ батыс жаққа қарай жылжуы есебінен ол Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағындағы көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың есебінен айрықша толықтырылды.


Оғыздар арасында, әсіресе дала аумағындағы, монғолоидтық белгілер ене бастады, дегенмен аралас еуропоидты-монғолоидтық және басқа да түрлер кезікті.


Х ғасырдың оғыз мемлекетінің астанасы Янкигент (Жаңа Гузия) болды. IX-XI ғғ. оғыз мемлекетінің жоғарғы лауазымын «жабғу» атағын иеленген басшы басқарды. Оғыз тайпаларының әскербасын «сюбашы» деп атады.


Оғыздар 24 тайпадан құралып, екі фратрияға: бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінеді.


Оғыздар қоғамында жеке меншік қалыптасып дами бастайды, ақсүйек-байлар тобы жеделдете бөлініп шығып жатады. Малға жеке меншік-мүліктік теңсіздіктің негізі болды. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері, кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік етті. Оғыздардың басты шаруашылығы интенсивті түрде мал өсіру болды. Көшпелілермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы жұрттың жинақты топтары да күн көрген. Дала мен отырықшы-егіншілік зоналарында құл саудасы кеңінен жайылды. Оғыздар негізінде мәжусилер болған, бақсы-балгерлерге табынған. Сонымен бірге оғыздар арасына бірте-бірте ислам діні де ене бастайды.


Оғыздардың археологиялық деректері Батыс Қазақстан мен Сырдария өңірінде тіркелген, бірақ олар оңтүстіктегі орыс ескерткіштерімен салыстырғанда әлдеқайда аз болып табылды. Жерлеу рәсімі кішкене қорғанды елестеткен. Көпшілік жерлеу ғұрпында мүлік болмаған.


Х-ХІ ғғ. шебінде оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды, оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болады. Соңында, оғыз мемлекеті қыпшақ тайпасының шабуылынан құлады. Қыпшақтар талқандаған оғыздардың қалған-құтқаны жүре келе Дешті Қыпшақтың түрік тілді тайпаларының құрамына кіріп сіңісіп кетеді.


Қимақ.VIII-IX ғғ. Ертіс өңірінде қимақ тайпалары пайда болды. VIII ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ. бас кезінде қимақ тайпалары Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Әрі қарай қимақтар тайпаларының аумағы Алтайдан Ертіске, Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі жерді алып жатыр. Дәл осы уақытта жеті тайпадан тұратын қимақ федерациясы қалыптасады. ІХ ғасырдың аяғы –Х ғасырдың басында олардың басшысы «қаған» деген атпен аталатын жоғарғы лауазымды иеленді.


Қаған ордасы Имақия қаласы (немесе Қимақия). Қаған ерекше басқару құқығын иеленген, тайпа тұқымынан шыққан басшыларды тағайындаған. Басшылар, сонымен қоса, әскербасылар болған.


ІХ-ХІ ғғ. бас кезінде қимақтарда дәстүрлі ежелгі түркі наным-сенімдері болған. Оның ішінде айрықша орын тепкен Тәңір дәстүрі және арғы ата-бабалар дәстүрі болып саналады. Ерекше жоғарғы деңгейде тараған шамандық наным-сенім болған. Қимақтардың кейбір топтары манихейлікке табынған.


Жоғарғы және ортаңғы Ертіс өзенінің бойындағы қимақ ескерткіштері қорғандық-жерлеу орындарымен көрсетілген. Жерлеу бұйымдары негізіне қару-жарақ құралдары мен керекті бұйымдар жатады, кем дегенде – еңбек құры бар екенің көруге болады.


Ішкі талас-тартыс пен өзіндік шешімге келгісі келген қыпшақ хандарының орталық тенденциясы және де Орталық Азиядағы көшпенді тайпалардың миграциясы Қимақ қағанатының ХІ ғ. біржола құлауына әкеліп соқты.


ІV. Үй тапсырмасы:
Өтілген тақырыпты оқу Оғызнама деректері бойынша сол кездегі дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарға сәйкестендіріп бүгінгі жас ұрпақтың моральдық талаптары қандай болуы керектігін жазып келуді тапсырамын.
V. Бағалау

Оқытушы: Хамракулов А
Пән бірлестігінің төрайымы: Хидирбаев У

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет