Тіршіліктің таралған ортасы 3-сызбанұсқа 4-сызбанұсқа Жердің ішкі құрылысы Литосфера Мантия Ядро
Ғалымдар жалпы жердің қабықтарынан атмосфераны, гидросфераны және биосфераны толық зерттеген. Ал лиосфера туралы кейін зерттей басталы.Жердің қалыңдығын, ондағы тау жыныстардың құрамын зерттеу керек болды. Яғни осылардың бәрін зерттей келе жердің ішкі құрылысы 3 бөліктен тұратыны анықталды. Жердің қатты сыртқы қабаты – жер қыртысы деп аталады. Литосфера – латынша «литос» – тас, «сфера» – шар деген мағынаны білдіреді. Оның қалыңдығы құрлық пен мұхитта бірдей емес. Жер қыртысы 2 түрлі болып келеді, яғни материктік жер қыртысы және мұхиттық жер қыртысы. Жер қыртысының қалыңдығы материкте немесе құрлықта 30 км-ден – 80 км-ге дейін, ал мұхиттарда 5-10 км-ге дейін жетеді.
Жер қыртысынан кейін 2900 км қалыңдықты алып жатқан мантия қабаты орналасқан. Мантия сөзі грек тілінен аударғанда жамылғы деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде +100; +150º С-тан, ал төменгі шекарасында 2000-2500º С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.
5-сызбанұсқа
Магний темір силикатынан(қыш)
тұрады
Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр. Оның радиосы – 3500 км.
6-сызбанұсқа
темір никельден сыртқы ішкі
тұрады
балқыған күйде қатты заттан
тұратын болуы керек.
Жердің құрылысы сыртқы және ішкі құрылыстан тұрады. Жердің ішкі құрылысы, қазақ айтқандай (“жеті қабат жердің астында”) 7 қабаттан тұрмайды, біз танысқандай 3 қабаттан тұрады.
IV. Өтілген тақырыпты бекіту. а) Тақырыпқа байланысты жұмбақ шешкізу.
Бір зат бар дүниеде құшағы кең, 2. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Бірақ тыныш тұрмайды.
Адамзат жан-жануар арасында Сақтамасақ егерде,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. Барша тірлік қурайды.
Бұл не? (Жер) Бұл не? (Су) 3.Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Бұл не? (Ауа) 4.Кристалдық тау жыныстарынан құралған,
Жер қыртысы аталған,
Мантияның қорғанышы.
Бұл не? (Литосфера қабығы) 5.Жер өзегі атанған
ең орталық бөлігі
Бұл не? (Ядро) V. Графикалық диктант. Өздік жұмыс. ИА-ЖОҚ деп жазамыз 1. Ауа жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады.
Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын байқайды.
Литосфера жердің ауа қабаты
Жердің ең сыртқы қабаты жер қыртысы деп аталады.
Жер қыртысынан кейін ядро қабаты орналасқан.
Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатады.
Ядро темір мен никельден тұрады.
Жалпы жер шарының ішкі құрылысы 7 қабаттан тұратындығы анықталған.
Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 шқ тереңдікке дейін мантия орналасқан.
Ядроның радиусы 3500 шқ шамасында.
Жауаптары:
1. Иә 2. Жоқ 3. Жоқ 4. Иә 5. Жоқ 6. Иә 7. Иә 8. Жоқ 9. Иә 10. Иә VI. Сергіту сәті. “Адасқан объектілер “ ойыны.
7-сызбанұсқа