Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекті құралдар: географиялық карта, атлас, глобус, таратпа материалдар Сабақ барысы



бет1/2
Дата31.08.2023
өлшемі54,28 Kb.
#105743
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
5 жаратысытану


Сабақтың тақырыбы: §17. Жердің құрылысы
Мақсаты: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту және жеке тұлғаны дамыта отырып, оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажырату, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекті құралдар: географиялық карта, атлас, глобус, таратпа материалдар
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалап, белгілеу. Назарларын сабаққа аудару.
II. Үйге берілген тапсырманы сұрап, тексеру.
1. Азимут дегеніміз не?
2. Азимуттың бағыттарын ата (градус есебімен)
3. Масштаб дегеніміз не?
4. Масштабтың түрлерінін ата
5. План дегеніміз не?
6. Деңгейлегіш қандай аспап?
7. Географиялық картаның анықтамасын айтыңыз. Карталар масштабына қарай қалай жіктеледі.
8. Географиялық координата ұғымына түсінік бер. Географиялық координатаны қалай анықтаймыз
9. Градус торы дегеніміз не?
Өткен материалды тиянақтай отырып, жаңа материалды меңгерту.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары.
ә) Жердің ішкі құрылысы
Жердің қабықтары.
1. Жердің шар тәріздес екенін ғарыштан түсірілген суреттен дәл көреміз.
Жердің сыртқы 4 қабығы бар. Жердің сыртынан қоршап тұрған ауа қабығы атмосфера деп аталады. Атмосфера грекше «атмос» – бу немесе «су», «сфера» – шар деген мағынаны білдіреді. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.
1-сызбанұсқа
Атмосфера құрамы
аргон (қалған%-ы)
оттегі-21% азаот-78%
көмірқышқыл газы-0,03%
2. Жер бетін біртұтас жауып жататын-су қабығы. Оны –гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды.
Гидросфера – грекше «гидро» - су, «сфера» - шар деген мағынаны білдіреді. Жер бетінің жалпы көлемі 2/3-сі судың үлесіне тиеді.
2-сызбанұсқа
Гидросфера құрамы
Мұхиттар,теңіздер батпақтар, мұздықтар
өзендер, көлдер жер асты сулары
3. Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап, адамға дейінгі түрлі организмдер жердің айырықша қабығы-биосфераға жатады. Биосфера – грекше «био» - тіршілік, «сфера» - шар деген мағынаны білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет