Сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021 Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мә



бет88/92
Дата16.10.2023
өлшемі390,17 Kb.
#115845
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі Дәріс Қараған-emirsaba.org

1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

      • Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», - деп атап өткен болатын. Міне, осы айтылған ойға тереңірек тоқталуды жөн санадық. Біздің бұл мақаладағы басты ойымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәдени-философиялық негіздеріне назар аудару болып табылады. Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Осындай сипаттарға «Мәңгілік Ел» идеясы лайық екені сөзсіз.


1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

      • «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, біріншіден, мемлекеттің басқару жүйесі ынталы, құлықты болуы тиіс. Себебі, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттілігін қанағаттандырудан туындап қана қоймайды, сонымен бірге, ол мемлекет құраушы ұлт алдында тұрған басты мақсат пен шешуші міндеттердің жиынтығы ретінде өмір сүреді. Жалпы алғанда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы философиялық талдауды қажет етеді. Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқы тарихының басты мәселесі болып отырғаны белгілі. Осы мәселеге қазақ халқы тарихында жауап іздемеген батырлар, қара қылды қақ жарып, әділін айтып, елді аузына қаратпаған шешендер мен көсемдер, хандар мен билер, тіпті, халық арасынан шыққан даналардың тарихта үнемі болып тұрғаны әлімсақтан белгілі..


1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

      • «Мәңгілік Ел» идеясын философиялық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кеткен жөн. Біздіңше, ең басты философиялық ұстаным - ол қазақ халқының осы идеямен бірге өмір сүріп келе жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен ойдың пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру философиясының өзегі деп қабылдауында болса керек. «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет