“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 мин кітап оқу
-Сыбайлас-жемқорлық деген не? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)
2.Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Әңгіме сұхбат. (Бір А3 форматтағы қағазға «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбына әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.