Сабақ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: а отарлау және ұлт-азаттық күрес Мектеп: Сағат саны: сағат Күні



бет6/10
Дата18.03.2022
өлшемі495 Kb.
#28403
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Күтілетін болжам жауаптар:

Кескін картада тапсырма шарты бойынша Жетісу аймағында тұргызылған Алатау, Қапал, Аягөз, Лепсі, Верный, Кастек бекіністерін және Қоқан хандығынан тартып алынған Сыр бойындағы Ақмешіт, Түркістан, Мерке, Шымкент бекіністерін белгілейді;
Кері байланыс. Жұптық бағалау.

3-тапсырма. Суретпен жұмыс.

«Аналитикалық жұмыс парағы»

(Т) Мұғалім орыс суретшілерінің Ресей империясының Орта Азия аймақтарын жаулап алуын бейнелейтін туындыларын ұсынады. Әр топқа осы картиналар негізінде Ресей империясының саясатын және сол кезде қалыптасқан оқиғаларды талдау үшін аналитикалық жұмыс парағын толтыру тапсырмасы беріледі.Топ оқушылары ортақ ойға келіп, тұжырым жасайды, жұмыс нәтижесін сыныптастарының алдында қорғайды.(Тапсырманы орындағаны үшін әр топқа 5 минут, игерген ақпараттарын жариялау үшін 10 минут беріледі)

1-топ.


В.В.Верещагин. «Тұтқиылдан шабуыл»

2-топ.


Н.Н.Каразин.«Қамалды алу»

3-топ.


Белгісіз суретші. «Генерал фон Кауфман мен хан Мухаммад Рахымның кездесуі»
Тапсырманы орындау шарты:

1-қадам. Суретті 2 минут ішінде зерттейді.Суреттен алған әсерлерін сипаттайды;

2-қадам. Суреттегі адамдарды, нысандарды, ондағы іс-әрекеттерді түсіндіреді;

3-қадам. Сабақ барысында алған білім пен суреттегі ақпарат негізінде қорытынды жасалынады.
Дескрипторы:

1. Суреттен алған әсері туралы кемінде 1 сипаттама береді;

2. Суреттегі адамдар, нысандар, іс-әркеттер негізінде кемінде 1 тарихи оқиғаны түсіндіріп береді;

3. Сабақ барысында алған білім пен суреттегі ақпарат негізінде кемінде 1 тарихи оқиғағаның нәтижесіне қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет