(МК)перпендикуляр дегеніміз не?
— көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар
— көлбеудің проекциясы дегеніміз не?
— 3 перпендикуляр туралы теореманы сипаттау
— қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?
мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақ дәстүрлі емес. Информатикада өткен сабақтарды және алған білімдеріңді бүгінгі сабақта қолданамыз. Қазір үш оқушыға бөлек тапсырмалар беріледі, олар оны компьютерде орындайды. Ал қалғандар математикалық диктант жазады ( иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер).
АВ┴α, CD┴α, B€ α, D€α, AB=AC. АС түзуі мен α жазықтығы параллель ма? ( иә)
екі түзу 90° бұрышты құрайды. Олар перпендикулярды ма? (иә)
а мен m түзулері бір біріне перпендикуляр, ал b a- ға параллель. M және b перпендикуляр ма? ( иә)
мына суретте АВ кесіндісі не деп аталады? (перпендикуляр)
АС кесіндісі не ? ( көлбеу)
перпендикулярдың табаны қай нүкте? (В нүктесі)
жазықтық пен А нүктесінің ара қашықтығын тап. ( АВ кесіндісі)
мына тұжырым дұрыс па: — кез келген түзу жазықтыққа перпендикуляр болса , ол оны қиып өтеді? ( иә)
Сабақтың ортасы (6-35 минут)
Жаңа тақырыпты талдау және өзойларын ортаға салу үшін Венн диаграммасын пайдалану, ол үшін дайын материалдар тарату
Перпендикуляр және көлбеу Анықтама.АН кесіндісі – А нүктесінен α жазықтығына жүргізілген перпендикуляр деп, ал Н нүктесі перпендикулярдың табаны деп, аталады. МA кесіндісін жүргіземіз. Ол А нүктесінен α жазықтығына жүргізілген көлбеу деп, ал М нүктесі көлбеудің табаны деп аталады. МH кесіндісі көлбеудің α жазықтығына түсірілген проекциясы деп аталады.
Берілген нүктеден жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр дәл сол нүктеден осы жазықтыққа жүргізілген кез келген көлбеуден кіші болады. АН < МА.