Сабаққа қатысқан студенттер саны: Сабақтың тақырыбы



Дата24.05.2023
өлшемі18,57 Kb.
#96538
түріСабақ
Байланысты:
практика талдау Аениеь[1]


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты




Практикалық (семинар) сабақты талдау

Қатысқандар: _________________________________


Оқытушының аты-жөні: ___________________
Қатысу уақытысы: ________________________
Мамандығы, пәні: ________________________________________________
Сабаққа қатысқан студенттер саны: _____
Сабақтың тақырыбы: ________________________________________________


1. Семинардың мақсаты:
1. Баланың дамуына қимыл-қозғалыстың әсерін анықтау
2. Тірек-қимыл аппаратының маңызы мен сүйектің химиялық құрамын білу
2. Семинардың құрылымы, логикасы және оның жеке элементтері:
I Ұйымдастыру кезеңі (студенттерді түгелдеу, топқа бөлу)
ІІ Өткен материалдарды қайталау (Қатесін тап)
ІІІ Жаңа сабақ (презентация)
ІV Жаңа сабақты меңгеру тапсырмалары (Джигсо, Т-кетесі)
V Сабақты қорытындылау (рефлексия)

Психикалық және ақыл-естің дамуында қозғалыстардың рөлі өте зор. Жұмыс істейтін бұлшықеттерден импульстар үнемі миға еніп, орталық жүйке жүйесін ынталандырады және осылайша оның дамуына ықпал етеді. Бала неғұрлым нәзік қимылдар жасаса және ол қимылдарды үйлестіру деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның психикалық даму процесі соғұрлым табысты болады. Баланың қозғалыс белсенділігі бұлшықет күшінің дамуына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дененің энергия қорын арттырады. Баланың физиологиялық жүйелерінің дамуы үшін қаңқа бұлшықеттерінің жұмысы үлкен маңызға ие. Өсіп келе жатқан организмде жұмсалған энергияны қалпына келтіру айтарлықтай артықшылықпен жүреді, яғни оның кейбір «артықтығы» пайда болады. Сондықтан қозғалыстардың нәтижесінде дененің өсуін қамтамасыз ететін бұлшықет массасы дамиды. Бірақ бұл жай ғана массаның ұлғаюы емес, бұл көлем мен қарқындылық бойынша одан да үлкен жүктемелерді орындаудың міндетті шарты (құрылымдық және энергетикалық қолдау).


3. Семинар сабағындағы пәнішілік және пәнаралық қатынастар: Баланың дамуына қимыл-қозғалыстың әсерін анықтау адам физиологиясы, адам анатомиясы пәндерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар өсу және даму түсініктері психология пәнімен де байланысты болып келеді.
4. Студенттерге ұсынылатын материалдар мен тапсырмалардағы рефлексия: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдарлануын негізге ала отырып, топтық тапсырма тақырыптары ұсынылды:
1-ші топ: Психикалық және ақыл-естің дамуына қимыл-қозғалыс қалай әсер етеді?
2-ші топ: Локомация ұғымының мәнін ғалымдар қалай түсіндірді?
3-ші топ: Ерте замандағы қимыл қозғалыстың даму процессі қалай жүрді? Қандай табиғи, биологиялық факторлар әсері болды?
4-ші топ: Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы
5. Студенттерге әртүрлі тапсырмалар беру: Миға шабуыл әдісі арқылы топ арасындағы жарыс. Топтық жұмыс арқылы постер қорғау. Джигсо әдісі арқылы өтілген жаңа тақырыпты толық меңгеру.
6. Ізгі ниет пен талап ету аясында оқытушымен студенттер арасында байланыс жасау: Студенттермен қарым-қатынас барысында әрбір жеке білім алушының қоғамдық рухани және материалдық құндылығын қалыптастыру, жеке тұлғалық ерекшелігін айқындау. Коммуникация құра отырып әрбір студенттің сабақ барысындағы әрекетін бақылай отырып әрқайсысының жеке субъект екенін ескере отырып, оқытушының сабақ пен тәлім-тәрбиені байланыстыра алуы
7. Оқытушымен студенттер арасындағы байланыс: Оқытушымен студенттер арасында коммуникативтік байланыс орнады. Оқытушының тарапынан баяндау, семинар сабаққа шолу жасау, тапсырмаларды түсіндіру секілді жұмыстар іске асты. Студенттердің тарапынан мұқият тыңдау, тапсырмаларды топпен бірге мұқият орындау, өз ойларын ашық жеткізе алу секілді байланыстар орнады. Осының нәтижесінде:
-Оқытушы мен студенттердің арасында тығыз коммуникативтік қарым-қатынас;
-Оқытушы мен студенттердің арасында сабақ тақырыбына байланысты пікірталас тудыру, өз ойларын ашық жеткізу, бірлесе отырып сабаққа талдау жасау секілді жұмыстар атқарылды;
8. Әр түрлі әдістер, нысандары мен оқыту құралдары: Сабақ барысында бірқатар оқыту құралдары мен әдістер пайдаланылды. Презентацияны көрсету үшін интерактивті тақта қолданылды. Және де «Джигсо» әдісі, Постер қорғау, «Миға шабуыл» әдістері қолданылды. Алдыңғы сабақтарды еске түсіру бойынша студенттерге сұрақтар қойылды. Жаңа тақырып бойынша Постер қорғату болды. Және де тақырыпты толық меңгергендерін анықтау үшін Insert әдісі қолданылды.
9. Кері байланыс жүйесі: Кері байланыс жүйесі стикерлер арқылы жүзеге асырылды. Яғни, сабақтың соңында студенттер сабақтан не түсінді, не түсінбеді, қандай тұстары қиындық тудырды, осылардың барлығын саралап жазып шықты.
10. Демонстрациялар мен материалдарды әдіснамалық түрде қолдану:
Миға шабуыл әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталадық, еске түсірдік. Insert әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсініп, меңгеру арқылы студенттер өзара жұмыс жасады. Және де жаңа тақырып бойынша топтық жұмыс жасалып, постер қорғалды.
Педагогикалық практиканың
жетекшісі _____________ ________________________________
(қолы, аты –жөні)
Магистрант _______ ________________________________
(қолы, аты –жөні)
Пән оқытушысы
_________ ________________________
(қолы, аты –жөні)
20___ж. «______» __________________


Ф.7.05-14

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет