Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша



Дата18.11.2023
өлшемі51 Kb.
#124739
түріСабақ
Байланысты:
Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы


Сабаққа қатысу нәтижесі бойынша

ПІКІР


Біз, төменде қол қоюшылар, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы кафедра меңгерушісі б.ғ.д, профессор Ә.Т. Қанаев және оқытушылары б.ғ.к., профессор м.а Ә. Ә. Әметов, Ә. Б. Бегенов, С. Т. Назарбекова., биология және биотехнология факультетінің әдістемелік бюросының мүшесі, б.ғ.к., доцент Ж.Қ Жүнісбаева. 2013 жылдың қазан айының 7 жұлдызында б.ғ.к., доцент қызметін атқарушы Б.М Тыныбеков “Дәрілік өсімдік шикізатын дайындаутақырыбында 5В060700 (ББ 101, 102, 103)- Биология мамандығының 4 курс студенттеріне 16 аудиторияда 08.30 – 09.20 аралығында «Қазақстан биоресурстары» пәні бойынша өткізген ашық дәріс сабағына қатыстық .
Сабаққа қатысу нәтижесінде келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:
1. Жалпы сипаттамасы

Лабораториялық сабағы тұтастай алғанда жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Материалды түсіндіру сапасы: Дәрістік сабақтың мақсаты мен міндеттері слайдқа шығарылды. Тақырып бойынша материал ауызша түсіндіріліп, дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру,сақтау түсіндірілді. Ғылыми терминдер орынды қолданылды.
Техникалық құралдарды пайдалану: Проектор пайдаланылып, дәрілік өсімдіктердің суреттері, жинау әдістері, кептіру мезгілі, сақтау, гербарилар пайдаланылып, қосымша плакаттар ілінді.
Оқытушының сыртқы көрінісі: Оң баға беріледі.
Студенттер 3 топқа бөлініп интелектуалды 9 сұрақтарға жауап берілді. Топ бойынша 103 – топ 40 бал, 102- топ 30 бал, 101- топ 20 бал жинады.
2. Сабаққа дайындық және оның жабдықталуы: Оқытушы өзінің тақырыбын жетік біледі, дайындығы өте жақсы. Сабақ тақырыбы мен мазмұны оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай, сабақтың қысқаша жоспары мен конспектісі бар. Техникалық құрал-жабдықтар қолданылды.
3. Сабақты жүргізу бойынша ескертпелер: Оқытушының сабақты жүргізу барысында студенттермен қарым-қатынасы жақсы болды. Дәріс сабақтың соңында студенттерге тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
4. Оқытушыға ұсыныстар: Демонстрациялық материалдарды көп көлемде қолдану ұсынылады.
5. Жалпы ұсыныстар: Айтарлықтай кемшіліктер жоқ, сабақ жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде өтті.
Сабаққа қатысқандар:
Кафедра меңгерушісі б.ғ.д, профессор __________________ Ә.Т. Қанаев
Биология факультетінің әдістемелік
бюросының мүшесі, б.ғ.к., доцент __________________ Ж.Қ Жүнісбаева
Биоалуантүрлілік және биоресурстар
кафедрасының оқытушылары
б.ғ.к. профессор м.а. __________________ Ә. Ә. Әметов
__________________ Ә. Б. Бегенов
__________________ С. Т. Назарбекова
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы


Сабаққа қатысу нәтижесі жайында

Хаттама


7 қазан 2013 жыл
Күн тәртібі:


Б.М Тыныбеков 07.10.2013 ж. “ Дәрілік өсімдік шикізатын дайындаутақырыбында 5В060700- Биология мамандығының 4 курс студенттеріне «Қазақстан биоресурстары» пәні бойынша өткізген ашық дәріс сабағын талқылау.




Сөйлегендер:

  1. Ә.Т. Қанаев.: Тақырып бойынша материал жақсы түсіндірілді. Оқытушы дәрілікөсімдіктер систематикасына, құрылысының ерекшеліктеріне және терминдерге ерекше көңіл бөлді.

  2. Ж.Қ Жүнісбаева.: Студенттерге Дәрілік өсімдіктерін Қазақстан Республикасының басқада пайдалы өсімдіктерімен салыстырмалы түрде берілгені өте орынды болғанын айтты.

Қаулы етілді: Б.ғ.к. доцент қызметін атқарушы Б.М.Тыныбеков, өткізген ашық дәрістік сабағы әдістемелік жағынан жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәрістік сабағының тақырыбы мен мазмұны оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай, сабақтың жоспары мен конспектісі бар. Техникалық құрал-жабдықтары қолданылды. Жалпы, оқытушы алдына қойған мақсатына жетті. Айтарлықтай кемшіліктері болған жоқ. Оқытушы Б.М.Тыныбеков демонстрациялық материалдарды көп қолдануды ұсына отырып, жұмыста табыс тілейміз.

Ашық сабаққа қатысқандар:


Кафедра меңгерушісі б.ғ.д, профессор __________________ Ә.Т. Қанаев
Биология факультетінің әдістемелік
бюросының мүшесі, б.ғ.к., доцент __________________ Ж.Қ Жүнісбаева
Биоалуантүрлілік және биоресурстар
кафедрасының оқытушылары
б.ғ.к. профессор м.а. __________________ Ә. Ә. Әметов
__________________ Ә. Б. Бегенов
__________________ С. Т. Назарбекова

Ф. ҚазҰУ 708-03-11. Хаттама. Үшінші басылым


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет