клиникамен байланысы. Онкологиялық науқастарды емдеу кезінде: колхицин,
винбластин, винкристинтубулин полимеризациясын бұзады, микротүтікшелерден
тұратын митотикалық бөліну жіпшесін түзілуін баяулатады, хромосомалардың
полюстерге ажырауына кедергі келтіреді. Сүт безінің обырын емдеу үшін таксол
препаратын қолданады. Ол да микротүтікшелерге әсерін тигізеді, бірақ колхицинге
қарсы әсер көрсетеді. Егер колхицин бөліну ұршығын бұзатын болса, ал таксол оны
тұрақтандырады. Бірақ, екі дәрінің фармакологиялық әсері бірдей, тез бөлінетін
жасушалардың жылдамдығын тоқтатады немесе баяулатады.
Микрофиламенттер – ол белокты талшықтар, олар микротүтікшелерге
қарағанда тым жіңішке болып келеді, (диаметр 4-6нм). Актин ақуызы және онымен
біріккен фибрин, фимбрин, альфа-актинин, филамин, винкулин молекулаларынан
тұратын иректі құрайды. Микрофиламенттер жиналуға және тарқалуға қабілетті.
Актиннің полимеразациясы есебінен плюске қарай өсуі жүреді, ал минусқа қарай
жіпшелердің депорлимеризациясы есебінен жүреді. Жасушада аздаған мөлшерде
миозин ақуызынан тұратын,миозинді микрофиламенттер кездеседі. Олар актиндермен
бірігіп, қысқарған құрылымды құрайды.
Аралық филаменттер– цитоплазмаға енетін қатты және тығыз ақуызды
талшықтар. Олар микротүтікшелерден жіңішке, микрофиламенттерден жуан болып
келеді. Олар әсіресе, механикалық жүктемелерге ұшырайтын жасушалар құрамында
атап айтқанда эпителилальды, бұлшық ет жасушаларында көп. Аралық филаменттер
құрамына кератин, виментин, және оған қатыстылар: нейрофиламенттер, ламиндер
кіреді. Адамның эпителий жасушаларында 20 әртүрлі кератиндер бар. Мысалы,
біздің шаш пен тырнақ құрамында ауыр кератин бар. Вимент тәрізді ақуыздар
фибробласттар, эндотелилады жасушаларда кездеседі.
Аралық филаменттер жасушаның серпімділігін және оның механикалық әсерге
тұрақтылығын қамтамасыздандырады. Мутация кезінде кератин гендерінде
механикалық әсерге жасушалардың сезімталдығы күшейеді. Бұзылыстар кезінде
аралық филаменттерде ауру–көпіршік пайда болады. Бұл, науқас терісінде әртүрлі
көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.