Қосындылар
– бұл жасушаныңтіршілік барысында пайда болып және жойылып
тұратын жасушаның тұрақсыз құрылысы. Оларға ақуыздың, көмірсудың және майдың
денешіктері мен тамшылары жатады. Сонымен бірге кристаллдық қосындыларда
кіреді (органикалық кристаллдар, жасушаларда ақуыздар, вирустар, қымыздық
қышқылының тұздары, бейорганикалық кристаллдар, кальций тұздарының тастары).
Органоидтарға қарағанда бұл қосындылардың мембраналары жоқ, кезеңді түрде
синтезделіп, шығындалып отырады. Олар көбіне цитоплазмада, кейде ядрода да
кездесіп тұрады. Олардың химиялық тегі әртүрлі. Қосындылар сипаты
бойыншажасушалық метоболизм өнімдері. Олар гранула, тамшы, кристаллдар түрінде
жиналады. Бірнеше түрлерін ажыратады:
Трофикалық
–олардың арасында майлар,
көмірсулар маңызды рөл атқарады. Сирек жағдайларда ақуыздар қолданылады.
Секреторлық
- без жасушаларында жиналатын арнайы өнімдер.
Экскреторлық
– олар