цитоплазмада жаңа центриоль бастау алады, біртіндеп өсіп, толыққанды құрылымға
ие болады.Бөлінбейтін жасушаларда центросомацитоқаңқаның микротүтікшелерін
қалыптастыруға, ал бөлінетін жасушаларда бөліну ұршығының түзілуіне қатысады.
Микротүтікшелер барлық эукариоттық жасушаларда кездеседі. Олар барлық
цитоплазма бойымен өтетін жіпше тәріздес және көптеген органелла құрылымдарының
қалыптасуын ұстап тұратын торлы құрылым. Микротүтікшелер жасушаның
бөлінуінде, жасуша ішілік тасымалдануда, қозғалмалылығында, Гольджи кешенінен
эндоплазмалық ретикулумға заттардың рециркуляциясында маңызды рөл
атқарады.Микротүтікшелер екі глобурлярлық полипептидтер,
α
және
β
тубулиндерден
тұрады және онымен динеин, динактинкинезиндер ақуыздарымен байланысқан.
Жартылай цилиндр тәрізді.Өзін қайта жинақтай алады.
Микротүтікшелер:
клиникамен байланысы.Онкологиялық науқастарды емдеу кезінде: колхицин,
винбластин, винкристинтубулин полимеризациясын бұзады, микротүтікшелерден
тұратын митотикалық бөліну жіпшесін түзілуін баяулатады, хромосомалардың
полюстерге ажырауына кедергі келтіреді. Сүт безінің обырын емдеу үшін таксол
препаратын қолданады. Ол да микротүтікшелерге әсерін тигізеді, бірақ колхицинге
қарсы әсер көрсетеді. Егер колхицин бөліну ұршығын бұзатын болса, ал таксол оны
тұрақтандырады. Бірақ, екі дәрінің фармакологиялық әсері бірдей, тез бөлінетін
жасушалардың жылдамдығын тоқтатады немесе баяулатады.
Достарыңызбен бөлісу: