Тыныс алу және
энергиялық орталық
АТФсинтездейді.
Эндоплазмалық ретикулум жасуша цитоплазмасының үлкен көлемін алып
жатқан, торланып, тармақталған микроарнашықтар мен микроқуыстардан тұрады. Бұл
лабиринттік мембраналық құрылым ядроға жақын орналасқан.
Эндоплазмалық
ретикулум қуысы өзара байланысқан. Ол екі функционалдықұрылымға бөлінеді:
тегісжәне кедір бұдырлыэндоплазмалық ретикулум. Бұдырлы эндоплазмалық
ретикулуммен көптеген рибосомалар байланысқан, тек трансляция үдерісі кезінде.
Барлық мембрана биосинтезі бұдырлы эндоплазмалық ретикулумнан бастау алады.
Бұл мембраналы торда белок пен майлардың синтезі жүзеге асырылады.
Тегіс
эдоплазмалық ретикулум – липидтердің биосинтезі, кальций жинақталатын,
сонымен
бірге детоксикациялықР450 ферменттері қалыптасатын басты жасушалық органелла.
Бұл ферменттердің синтезі мен бұзылысы тез жүзеге асырылады және сыртқы
дабылдарға тәуелді.
ЭР қызметі:
Белок, майлар, және көмірсулар синтезі
Белоктар модификацияланады.
Гольджи
кешені
–
жасушаның
негізгі
органелласы.Б
ір-
біріменқабаттасатығызорналасқанжалпақ мембраналы 5 – 10 «цистернадан»
жәнеолардыңшетіндегіұсақкөпіршіктерденқұралған органелла. Ол тегіс эндоплазмалық
тормен жалғаса орналасқан. Мұнда заттардың биохимиялық
модификациясы іске
асырылады. Лизосомаға, пероксисомаға, плазмалық мембранаға
немесе секреторлы
көпіршіктерге бағытталған барлық аққуыздар, липидтер және мембраналық
компоненттер осы кешен арқылы өтеді.
Әртүрлі органеллалар үшін
тағайындалған
белоктар Гольджи торабына жеткенде, SNAP белоктарының көмегімен қажетті
органеллаларға өзінің сұйықтығын беретін арнайы көпіршіктер
бөлініп қапталып
шығады. Кейбір белоктар цитоқаңқаның микротүтікше компоненттері бойынша
тасымалданады. Гольджи кешеніне қарай эндоплазмалық торда синтезделген заттар
жеткізіледі.
Эндоплазмалық
тор
цистерналарынан,
Гольджи
кешенінің
цистерналарымен бірігетін көпіршіктер босатылып шығады.
Осы жерде заттар
түрленіп, жетіледі. Гольджи кешенінің көпіршіктері лизосома, сүт безінің белогы,
бауырдағы өт түзілуіне т.с.с. қатысады. Гольджи
кешенінің цистерналары
цитоплазмадан моносахаридтерді белсенді түрде алады оны күрделі олиго,
полисахаридтерге белсенді түрде синтездейді. Гольджи кешені жәнеэндоплазмалық тор
өзара тығыз байланысты. Оның біріккен әрекеттері жасушада синтезді қамтамасыз
етеді, оны оқшауландырады және тасымалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: