Тәжірибелік жұмыс Пішім. Масштаб. Сызбаларды безендіру. Сызба сызықтары. Пішімдер



Дата28.11.2022
өлшемі21,15 Kb.
#53244
Байланысты:
Тәжірибелік сабақ 1


Тәжірибелік жұмыс

Пішім. Масштаб. Сызбаларды безендіру. Сызба сызықтары.

Пішімдер
Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған сызба сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды. Формат француз сөзі, қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі қолданылады.
Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.
Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.
Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.
Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.
Ватманға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу керек. Пішімнің шеті тіктөртбұрыш болуы шарт. Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі, оң және төменгі шетінен 5 мм, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімдерді (сызбаларды альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызба салып болғаннан кейін пішімнің шетін айналдыра қиып, қағаздың артығын кесіп тастайды. Өлшемдері жоғарыда көрсетілген пішімдер негізгі пішімдер деп аталады. Негізгі пішімдерге ауданы 1м2, ал қабырғаларының қатынасы 1 : √2 болатын АО(841 х 1189) пішімін де жатқызады. Керек болған жағдайда А5(148 х 210) пішімін немесе қысқа қабырғасын бүтін санға көбейту арқылы алынатын қосымша пішімдерді де пайдалануға болады. Мысалы: А4 х 3 (297 х 631); АО х 2(1189 х 1682).
Масштаб
Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды (пішімге сыймайды). Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу. Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға болады:
а) кішірейту масштабтары: 1 : 2; 1 : 2,5; 1 : 4; 1 : 5; 1 : 10; 1 : 15; 1 : 20;
1 : 25; 1 : 40; 1 : 50; 1 : 75; 1 : 100; 1 : 200; 1 : 400; 1 : 500; 1 : 800;
1 : 1000;
ә) нақты шама: 1 : 1;
б) үлкейту масштабтары: 2 : 1; 2,5 : 1; 4 : 1; 5 : 1; 10 : 1; 20 : 1; 40 : 1;
50 : 1; 100 : 1.
Мсаштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы, М 1 : 4 – сызбада нәрсе 4 есе кішірейтіліп, ал М 2 : 1 – екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді

Стандарт туралы ұғым


Алғашқы стандарттар Кеңес Одағында «Машина жасаудың барлық түрлеріне арналған сызбалар» деген атпен 1928 жылы қабылданды. Стандарт дегеніміз өндірістің барлық салаларындағы конструкторлық құжаттарды орындау мен безендірудің біріңғай ережелерін тағайындайтын нормативтік құжат.
Стандарттар тек сызбаларға ғана емес,сонымен қатар өндірістегі өндірілетін өнімдердің жекеленетін түрлеріне де тағайындалған.Олардың кейбіреулеріне әлі күнге дейін МЕСТ 27456-90 деп жазылады, ол мемлекеттік стандарт,тіркеуге алынған өнімге берілген нөмірді және стандарт бекітілген мерзімді көрсетеді.

Сызба сызықтары
Сызба деп нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжаттарды айтады. Кескін белгілі бір ережелер бойынша сызу аспаптарының көмегімен әртүрлі сызықтармен салынады. Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады:
- тұтас жуан негізгі сызық, сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. Жуандығы С(латын әріпі) мен белгіленеді де, өлшемі 0,6мм-ден 1,5мм-ге дейінгі аралықты алынады;
- тұтас жіңішке сызық, сызбада шығару мен өлшем сызықтарын, проекция жане координата осьтерін, көмекші тұрғызу сызықтарын, қима мен тіліктерді штрихтауын үшін қолданылатын сызық. Оның жуандығы негізі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;
- тұтас жіңішке іркісінді сызық, сызбада ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;
- тұтас ирек сызық, сызбада үзу сызықтары, тілікті көріністен бөлу үшін жане жергілікті көріністер мен жергіліктерді тіліктерді көрсету үшін қолданылады. Ирек сызық қлдан жүргізіледі , жуандығы негізгі сызықтызықтың жуадығынан екі-үш есе жіңішке болады;
- үзілме сызық, сызбада тетікбөлшектің көрінбейтін сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта , ал олардың арағашықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады;
- жіңішке нүктелі үзілме сызық, сызбада осьтік жане орталық сызықтарын көрсетеді. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі , ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады;
- жуандатылған нүктелі үзілме сызық, сызбада шынықтырылатын жане қапталатын беттерді, қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан 1,5-2есе жіңішке болады;
- жіңішке қос нүктелі үзілме сызық, сызбада модельдер жаймасының бүгу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе
жің
ішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 4...6мм болады;
- үзік сызық, сызбада қиюшы жазықтардың орындарын көрсеттеді, сондықтан қима сызыңы деп атайды., Жуандығы негізгі сызықа тең немесе 1,5 есе жуан болады, бөлігінің ұзындығы 8...20мм-ге тең. Сызбада сызықтардың түрін дұрыс пайдалану және әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындаштармен жүргізу керек. Мысалы, жіңішке сызықты Т (немесе Н) белгілі, ал негізгі жуан сызықтарды М (немесе В) белгілі қарындашпен орындаған дұрыс болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет