Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



Дата12.05.2023
өлшемі15,49 Kb.
#92360
түріСабақ

2 – Тақырып « Тұлғааралық қатынас»
2 сабақ Қарым-қатынастың үш жағы. 
Сабақ аяқталғаннан кейін студент тұлғааралық қарым-қатынастың үш жағын бөліп көрсетуге, тұлғааралық қарым-қатынас кедергілерін анықтауға, коммуникативті қиындықтарды жеңу дағдыларына ие болады.
Әдебиет, оның ішінде электрондық ресурстар: 
1. Сәбет Бап-Баба. «Жалпы психология» 
2. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология» 
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1) қарым-қатынастың перцептивті жағы: жалпы сипаттамасы, құралдары, формалары.
2) қарым-қатынастың интерактивті жағы: жалпы сипаттамасы, құралдары, формалары.
3) қарым-қатынастың коммуникативті жағы: жалпы сипаттамасы, құралдары, формалары.
4) тұлғааралық қарым-қатынас кедергілері.
5) тиімді қарым-қатынас факторлары.
recommended by

ОПТОФРИН
Эта хитрость вернет зрение без операций и уколов даже в 72 года


УЗНАТЬ БОЛЬШЕ
Тұлғааралық қарым-қатынас

Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі.


Қарым-қатынас түрлері:


Маскiлi қарым-қатынастар – бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады.


Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.


Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.


Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.


Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.


Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.


Коммуникацияның негiзгi функциялары:


Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.


Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.


Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.


Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.


Қарым-қатынас формалары:


Тікелей қарым-қатынас – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.


Жанама қарым-қатынас – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.




Тұлғааралық қарым-қатынас – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет