Сабаққа дайындығы. Математика сабағын жоспарлау


Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда және факультативтік сабақтарда



бет6/6
Дата11.12.2023
өлшемі45,43 Kb.
#137536
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда және факультативтік сабақтарда оқушылардың қызметін ұйымдастыру.

Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға терең білім беруде, олардың білім алу процесіндегі жоғары математикалық дайындық жүйесін мәнді функционалдық байланыстар деңгейінде құруда сыныптан тыс жұмыстар аса маңызды міндет атқарып келеді.


Оқушылардың жоғары да сапалы математикалық дайындығының құрылымының бір элементі ретіндегі сыныптан тыс жұмыстарды дамытып, оларды үнемі жетілдіріп отыру керек, олардың кейбіреулерін атап өтейік.
А. Бастауыш сынып оқушыларының үйірме жұмысы
Факультативтік сабақтар 7-сыныптан бастала ма әлде оның өткізілу уақтысы ілгері не барынша кейін жылжи ма деген мәселені қарағанда оқушылардың математика пәніне қызығушылығы қашан пайда болатындығына, математиканы үйренуге деген талпыныс, қажеттілік т.с.с. қашан қалыптасатындығына назар аудару керек.
Сыныптан тыс жұмыстар мен  факультативтік сабақтар оқушылардың қызығушылығын дамытып, ынтасын арттыруы керек.
1-4 сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, өткізу әдістері, формасы жеткілікті талданбаған, оны халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен жеткілікті түрде байланыстырылмаған.
1-6 сыныптарда тек сан ғана қарастыру бастауыш сынып оқушыларының жалпы математикалық және жалпы білім алудағы мол мүмкіндіктеріне өзінің кедергісін келтіріп отыр. Бұдан кейін жасалатын жаңа оқу бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының терең білім алудағы мол мүмкіндіктерін ашатындай қызықты сыныптан тыс жұмыстар түрлерін ұйымдастыру қажет. 
Жоғарыда аталған ерекшеліктердің біразы 4-5 сыныптарда «қиындығы жоғары жаттығуларды таңдап алу сияқты мәселелерге қатысты төменгі сыныптарда ұйымдастырылатын математикалық сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. 
Сонымен, бастауыш сыныптарда ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың факультативтік сабаққа дейінгі математикаға қызығушылығы мен қалыптасуының, одан соң математика пәнін терең үйренудің негізгі шартына айналады.
Ә. Жоғары сыныптардағы үйірме жұмысы
Өткен Кеңес өкіметі жылдарында жоғары сыныптарда математикадан үйірме өткізу және ұйымдастыру туралы бай тәжірибе қалыптасты. Бұл тәжірибені үйрену және оны жалпылау туралы бірталай диссертациялық зерттеу жұмыстары жазылды. Бастауыш және жоғары сыныптардағы математикалық үйірмелер мектеп математикасының мазмұны мен оны оқыту әдісін зерттеп жетілдірудің терең перспективалы бағыты болып табылады. Сондықтан, оқушылардың жоғары деңгейдегі математикалық дайындығының негізгі формаларын жетілдіруде факультативтік сабақтар мен жоғары сыныптардағы үйірменің атқаратын маңызы зор.
Сонымен бірге, математиканың сыныптан тыс жұмыстарының, әсіресе үйірменің өткізуге икемділігі математикаға тұрақты қызығушылығы жоқ оқушыларды жеткілікті дәрежеде пәнге қызықтыруға қол жеткізуге мүмкіндік жасайды (36-42).
Математикалық олимпиадалар.
Математикадан олимпиадалар өткізу және оны ұйымдастыру Республикамызда 1934-35 жылдардан бері сыныптан тыс жұмыстың бір түрі ретінде қалыптасып, дәстүрге айналды. Оның мақсаты оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырып, өзбетінше ой тұжырымдарын жасай білуге, математикалық қабілеттің дамуына қол жеткізу, бұлардың ішіндегі ең негізгісі математикаға қабілетті оқушыларды анықтау болып табылады.
Біз орта мектептегі математикалық жаттығулардың мазмұнының даму деңгейін көбінесе 1) Республикалық, 2) Облыстық, 3) Қалалық, 4) Аудандық және мектеп ішілік, 5) Жоғары оқу орындарындағы мектептердің олимпиадасында тексереміз. Бұл олимпиадалар арасында ешбір сабақтастық жоқ, ұйымдастырылуы мен материалдың мазмұнының біртіндеп қиындауы, оқушылардың әртүрлі ойлау қабілеттерінің дамуы т.б. сәйкес болуында ешбір байланыстар жоқ. Әртүрлі пәндерден олимпиаданың бір мезгілде өтуі немесе бір оқушының барлық олимпиадаларға қатысуы дәстүрге айналып келеді. Бұл жарысқа қатысушыларды зорықтырады.
Сондықтан олимпиада ұйымдастыру мен өткізуді реттеу керек. Орта мектеп математикадан қызықты кеш ұйымдастыру, викториналар, ғалым математиктермен кездесу, қабырға газеттерін шығару, жаздағы лагерлердегі жас математиктер қоғамы мен жарыстары және конференциялар өткізу, оған баяндама жасауға әзірлену, математикалық шығармалар жазу, көрнекі құралдар жасау жарысы сияқты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне үнемі назар аударып, оны әдейі ұйымдастыруы, олардың еңбегін бағалауы керек.
Қорытынды: математикадан сыныптан тыс жұмыстардың аталған ұйымдастыру формалары оқушылалрдың математикаға және оның қолданбалы саласына қызығушылығын, шығармашылығын, қабілеті мен бейімділігін арттыруға, математиканы тереңдеп оқуға, мектеп математикасының жаңа мазмұнды жетілдірілген әдістермен оқытатын жаңа бөлімдерінің пайда болуына өз ықпалын жасайды.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ



  1. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі: дидактикалық - әдістемелік аспект. - А., 2014.

  2. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. www nao. Білім стандарты. 2017-2018.

  3. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. www nao. Білім стандарты. 2017-2018.

  4. Математиканың үлгілік оқу бағдарламалары. www.nao. Оқу бағдарламалары 2017-2018.

  5. Алпысов А. Математиканы оқытуәдістемесі. – Павлодар, 2012.

  6. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. – А., 1989.

  7. Темербекова А.А. и др. Методика преподавания математики. – М., 2015.

  8. Оразалиев А. Математикалық сөйлемдер. – А., 1966.

  9. Елубаев С. Орта мектепте математиканы оқыту процесінде терминдер мен символдарды пайдалану. – А., 1984.

  10. Савенков А.И. Психологические основы исследовательского подхода к обучению. -М, 2006

  11. Әлімов А. Интербелсенді оқыту әдістемесі- А.,2014.

  12. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.- А.,2009.

  13. Окунев А. Как учить неуча или 100 мастерских...-М., 1996.

  14. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Е.С.Полат.-М.,2002.

  15. Зильберберг Н.И. Урок математики:подготовка и проведение. – М., 1996.

  16. Манвелов С.Г. Конструирование современного урока математики. – М., 2002.

  17. Абылкасымова А.Е. Современный урок. - Алматы, 2007.

  18. Абылкасымова А.Е. Проектирование контроля и учета результатов обучения в средней школе. - Алматы, 2005.

  19. Груденов В.И. Совершенствование учебного процесса по математике. – М., 1993. – 204 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет