Сабаққа дайындығы. Математика сабағын жоспарлау



бет5/6
Дата11.12.2023
өлшемі45,43 Kb.
#137536
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4 практикалық сабақ (1)

Оқушылардың логикалық ойлау және танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты оқу қызметтерін ұйымдастыру.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
«Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
 Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды.
Математикалық білімді жаттығулар орындау негізінде игеру мәселесіне ғылым тарихында ұлы жаңалықтар ашқан атақты ғалымдар да жоғары баға берген.Мәселен, ұлы ағылшын ғалымы И.Ньютон жаттығулардың теорияға қарағанда, көп нәрсеге үйрететіндігіне назар аударған.
Жаттығулар алуан түрлі болады және олар, ең алдымен, оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты ажыратылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет