Сабаққа дайындығы. Математика сабағын жоспарлау



бет4/6
Дата11.12.2023
өлшемі45,43 Kb.
#137536
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4 практикалық сабақ (1)

Математика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру кезеңінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:


1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, сауалнама,өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.



  1. Математика сабақтарында оқушылардың өзіндік және шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру.



Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс -әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары:

  • өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келу қажет;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;

  • өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек;

  • әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

  • өздік жұмыс тек қайталау кезінде ғана жүргізбей сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.
Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының барлығына мұғалім жетекшілік рөл атқарады. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға дидактикалық талаптардың орындалып отырылуы қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады:

  • жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі;

  • жаттығулардың біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз кезегімен күрделеніліп отырылуы;

  • теориялық, практикалық даярлықтары мен оқушылардың жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;

  • сабақта орындалатын өзіндік жұмыстар мен сабақтан тыс орындалатын өздік жұмыстардың бір – бірімен үйлесімі;

  • теорияның практикамен байланысы;

- үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.


 Өздік жұмыстарға басшылық жасауда бұл дидактикалық талаптарды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері бар. Әрбір өзіндік жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарды мақсатына қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту.
Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, сауалнама,өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет