2-тапсырма Қазір «үштік» әдісі бойынша тапсырманы орындайық. Яғни бірінщі оқушы сұраққа жауап береді? Екінші оқушы тыңдап, ол жерді кітаптан оқиды, үшінші оқушы ой қосады. Осылайша жалғаса береді. Мен 3 баладан бөлемін және сендерге түрлі-түсті стикерлер таратамын. Қызыл қалпақты бастайтын оқушы, сары қалпақты оқитын оқушы, жасыл қалпақты пікір айтатын оқушы бастарына тағады.Сонымен бірінші үштікке сұрақ: Бұл мәтінде оқиға қай жерден басталып тұр? Екінші үштіккеде осы сұрақ. Сендер өз нұсқаларыңды айтасыңдар. Үшінші үштікке сұрақ: Оның дамуын қай жерден көруге болады? Төртінші үштікке де осы сұрақ. Бесінші үштікке сұрақ: Оқиғаның аяқталған жерін қай жер? Алтыншы үштікке осы сұрақ, өз нұсқаларын көрсетеді.
Дескриптор: -мәтінді бөліктерге бөледі;
-сұрақтарға жауап беред
-өз ойларынмен бөліседі.
Стикер
3.
жұптық жұмыс /5-10 мин/
3-тапсырма Ал қазір жұптық тапсырма орындаймыз. Қастарыңда отырған баламен бірге мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырамыз. Әр сұраққа қысқаша жауап жазамыз.
Дескриптор: -жұптарымен сұрақ құрастырады
-қысқаша жауап жазады.
А4, маркер
4
Қорытынды Бағалау
«Конверт әдісі» бойынша Балалар тақтада ілініп тұрған конверттердің ішінде сұрақтар жазылған, кезектесіп шығып сол сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда көмектесуге болады
«Смайлик» әдісі бойынша бағалау.
Ендеше бүгінгі сабақтағы алған біліміміз қандай дәрежеде болғанын анықтайық. Егер бүгінгі сабақты толығымен түсінсеңдер жасыл смайликты, орташа түсінсеңдер сары смайликты, мүлде түкте түсінбесеңдер қызыл смайликты көтеріңдер.