«Сақталу заңдары» тарауын қайталау және есептер шығару.
Жалпы мақсаты
Өтілген тарауды қайталай отырып, білімдерін жинақтау және қорытындылау.
*формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалану;
*физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтау;
*формулаларды, өлшем бірліктерді жадында сақтауға тырысу.
Күтілетін нәтижелер
*топтық жұмыста белсенділік көрсетеді;
*оқушылардың шығармашылығы дамиды;
*өзіндік жеке жұмысты дамыту жолдарын біледі;
*. сұрақтар қоя алады;
* есеп шығару дағдылары қалыптасады.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Тапсырмалар
*топқа бөліну. (топқа бөлу үшін физикалық шамаларды пайдаланып тренинг жүргізіледі)
*ассоцияциялық карта толтыру. (зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізе білуі керек)
*топтық жұмыс. (әр топ берілген тапсырмалар бойынша формулаларды, анықтамаларды, өлшем бірліктерді сәйкестендіруі керек)
*жеке жұмыс. (тест тапсырмалары, есептер шығару)
*ой бөлісу ( Диалог арқылы оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. 1-жоғары мәртебелі сұрақ, 1- төмен мәртебелі сұрақ)
*рефлексия ()
Оқулық, 9 сыныпқа арналған есептер жинағы, А.П. Рымкевич физика есептерінің жинағы, топшамалар, кесте, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т.б.
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
Сақталу қасиетіне ие болатын қандай физикалық шамалар бар? Сұрақ жауабы: импульс, энергия, заряд. Осы сұрақтың жауабы арқылы топқа бөлу. Тренинг.
Бағалау парағы үлестіріледі. Топ жетекшілері аталып, әр тапсырманы орындау кезінде жауап берген оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.
Үй тапсырмасын тексеру:Тарауды қайталау, шолу жасау.
Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Зерттеу тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді.
І топ - «Импульс. Импульстің сақталу заңы» тақырыбын қорғау.
ІІ топ – «Реактивті қозғалыс» тақырыбын қорғайды.
ІІІ топ – «Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыбын қорғайды.
Оқушылар жоқ оқушыларды атайды, топқа бөлінеді.
Оқушылар импульс, энергия, заряд деп жауаптарын айтады.
Топ жетекшілері тобының оқушыларын бағалап отырады.
Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
Оқушылар топтасып, тапсырмаларға жауап беруге дайындалады.
Оқушылар постерге ойларын түсіреді.
Тұсаукесер
Сонымен балалар, өткен тарауды қайталай отырып, бүгінгі сабақта тарау бойынша алған білімімізді әр түрлі тапсырмалар бойынша, есептер шығару арқылы ойымызды жинақтаймыз.
Оқушылар тыңдайды.
Негізгі бөлім
1 – тапсырма. Топтық жұмыс.
І топ: Формулаларды сәйкестендіру.
ІІ топ: Өлшем бірліктерді сәйкестендіру.
ІІІ топ: Анықтамаларды сәйкестендіру.
2- тапсырма: Есептер шығару.(Әр топқа А, В, С деңгейінің есептері беріледі.)