7-сабақ. PISA оқу сауаттылығының «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігі.
Сабаққа шолу
Сабақ тақырыбы:
PISA оқу сауаттылығының «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігі
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасының аясында «рефлексия және бағалау» құзыреттілігін дамыту.
Сабақ мақсаты:
«рефлексия және бағалау» деңгейіндегі тапсырмаларды талдау дағдыларын дамыту;
оқу сауаттылығы деңгейін оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен байланыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны
PISA оқу сауаттылығының «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігі
Рефлексия және бағалау көзқарастар жүйесінің өзіндік тәжірибесіне негізделген. Оқушылар рефлексия және бағалау жасауда мәтінде көтерілген ақпаратты байланыстыру үшін мәтіннен тыс білімге сүйенеді. Сонымен қатар оқушылар оқырман ретінде мәтінде айтылған мәселеге қатысты түсініктерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады. Рефлексия және бағалау оқушыдан дәлелдер келтіруді, оларды жалпы және нақты біліммен байланыстыруды, сонымен қатар абстрактілі ойлау қабілетін пайдалануды, қарама-қарсы пікірлер айтуды талап етеді.
Сол сияқты өңдеуді қажет ететін тапсырмалар беру – бағалауды жүзеге асырудың бір жолы. Себебі оқушылар мәтіннен тыс дәлелдемелерді, тұжырымдарды, ақпараттарды пайдаланып, тапсырманы орындайды. Тапсырмада оқушыдан автор ойын бағалауды, мәтіндегі ойға ой қосуды, басқа ақпарат ұсынуды немесе фрагменттерді анықтауды талап етуге болады. Осыған қоса, автордың стилін анықтауды, мақсаты мен көзқарасын түсіндіруді тапсырма етіп беруге болады. Мәтін формасын ойластыру да мақсатқа жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |