11-сабақ. Курс-практикум. Оқу сауаттылығы. 1-бөлім
Сабаққа шолу
Құзыреттілік:
Мазмұндық бөлік:
Сабақтың мазмұны
Видеотүсіндіру
Жаттығулар
Жаттығулар
Тұмау (грипп)
Жауабын көрсету
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау (балл компьютерлік бағдарламамен анықталады)
ТҰМАУ
«АКОЛ» ұйымының қызметкерлеріне арналған тұмауға қарсы ерікті иммундау бағдарламасы
Қыстың күні тұмау жұқтыру оңай екені баршаға аян. Тұмауратсаңыз, бірнеше күн бойы ауыратыныңыз да белгілі.
Онымен күресудің ең жақсы тәсілдерінің бірі – тән саулығын күту. Күнделікті жаттығу және құрамында көкөнісі мен жемісі көп тағамның қажет мөлшерін жеу, ең алдымен, иммунды жүйенің осы кең тараған вируспен күресуіне көмектеседі.
Мұндай ауруға қарсы қосымша профилактикалық құрал ретінде «АКОЛ» ұйымы өз қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егуді ұсынуға шешім қабылдады. 17 қарашадан бастап жұмыста апта бойы жұмыс күнінің бірінші немесе екінші жартысында екпе егетін медбикемен келісім жасалған. Екпе егу тегін және ұйымның барлық қызметкеріне қолжетімді.
Сондай-ақ ешкімге міндеттелмейді, яғни әркімнің өз еркінде. Екпе егуге шешім қабылдаған әрбір қызметкер аллергиясы жоқтығын және екпе еккен кезде болар-болмас жанама әсер болуы ықтимал екенін түсінетінін куәландыратын құжатқа қол қоюға тиіс.
Медициналық нұсқаулыққа сүйенсек, иммундау тұмау тудырмайды. Алайда оның шаршау, аздап дене қызуының көтерілуі және қолдың ауыруы секілді жанама әсерлері болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |