Иммундауды кімдердің жасатқаны дұрыс?
Өзін тұмаудан қорғағысы келген ӘРБІР адам.
Әсіресе оны 65 жастан асқандарға жасатуға кеңес беріледі. Бірақ жасы қаншада болса да, ол созылмалы аурумен, әсіресе жүрек пен өкпе ауруы, бронх демікпесі немесе диабетпен ауыратын адамдарға қажет.
Жұмыста ұжымның БАРЛЫҚ мүшесі үшін тұмау жұқтыру қаупі бар.
Иммундауды кімдерге жасатуға болмайды?
Жұмыртқа жеуге тыйым салынған, безгек ауруынан қатты қиналған адамдар мен жүкті әйелдерге болмайды.
Емделіп жүрсеңіз, иммундауды жасатуға қарсы көрсетім бар-жоғы жөнінде дәрігермен кеңескеніңіз жөн. Бұрын тұмауға қарсы жасатқан екпеден кейін қиындықтар болған-болмағанын анықтаңыз.
17 қарашадан бастап бір апта ішінде иммундау жасатуды жоспарласаңыз, 7 қарашаға дейін (жұма) Омарханова Айгерім Асқарқызына хабарласыңыз. Күні мен уақыты «АКОЛ» ұжымы қызметкерлерінің көпшілігіне ыңғайлы мерзімге, медбикенің мүмкіндігіне қарай белгіленеді. Егер иммундауды қыс басталғанша жасатамын деп жоспарласаңыз, бірақ белгіленген уақыт көңіліңізден шықпаса, онда мұны Айгерім Асқарқызына хабарлап айтыңыз. Тілек білдіруші саны көп болса, қосымша уақыт белгіленуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін 5577 нөмірі арқылы Айгерім Асқарқызына хабарласуыңызды өтінеміз.
Мықты денсаулық
«АКОЛ» компаниясының қызметкері. Базылова Арна Жұмабайқызы осы ұйымның қызметкерлеріне арнап алдыңғы екі беттегі ақпараттық парақшаны дайындады. Бұл ақпарат төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |