Қорғау, ұстап тұру, сенімділік және амортизация
Егер спорттық аяқ киім тым қатты болса, онда ол сіздің қозғалысыңызға кедергі келтіреді. Ал тым жұмсақ болса, буындардың созылуы мен жарақат алу қаупі артады. Жақсы спорттық аяқ киім төрт критерийге сәйкес болу керек: сыртқы соққылардан, доптың немесе басқа ойыншының соққысынан қорғай алатындай болуы, спорт алаңындағы тегіс емес жерлерді жасыруы, аяз бен жаңбырда аяқты құрғақ және жылы ұстауы керек; созылуды, ісікті, тізені зақымдайтын жарақаттарды болдырмау үшін табанның және тобықтың буынын ұстап тұрғаны абзал; аяқ киім ойыншыда сенімділік сезімін туғыза білуі керек, ойыншы бұл аяқ киіммен су алаңдарда тайып кетпейтініне, тым құрғақ жерде кенеттен құламайтынына сенімді болуы қажет; жиі секіретін баскетболшылар мен волейболшылардың аяқ киімдерінде болатындай амортизацияның да болғаны жөн.
Құрғақ аяқ
Күлдіреу, жарылу немесе аяқ зеңі секілді сырқатты болдырмау үшін спорттық аяқ киім аяқты терлетпеуі керек және ылғал жібермейтіндей болғаны дұрыс. Мұндай аяқ киімдер суға төзімді былғарыдан жасалады. Ол аяқ киімді тез ылғалданудан сақтайды.
Алдыңғы бетте берілген мақаланы сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыз.
Мақаланың соңындағы екі сөйлемді тағы бір оқып шығыңыз. Ол екі бөлікпен берілген.
«Күлдіреу, жарылу немесе аяқ зеңі секілді сырқатты болдырмау үшін...»
(бірінші бөлігі)
«… спорттық аяқ киім аяқты терлетпеуі керек және ылғал жібермейтіндей сапада болғаны дұрыс».
(екінші бөлігі)
Достарыңызбен бөлісу: |