Сабақ:Қазақстан халықтарының Тілдері күні



Дата07.01.2022
өлшемі53 Kb.
#20824
түріСабақ
Байланысты:
сынып сағаты 21.09


Сабақ:Қазақстан халықтарының Тілдері күні

Мектеп: «№15 гимназия» КММ

Күні: 21.09.21ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абдиева М

Сынып: 6 «А»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут


Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу



Мұғаліммен амандасады








Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

15 минут




Тіл-әрбір ұлттың заңы,сезімнің,ойдың жанды көрінісі,халық тарихы,мәдениеттің даму жолы.Тіл-ұлттың игілігі және өзіне тән ажырағысыз белгісі.Ұлттық мәдениеттің гүлденуімен адамдардың тарихи тұрақты қауымдық ретінде қалыптасуы, жалпы алғанда тілдің дамуына және оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты.Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде талайды тамсандырады.

«Кім жылдам?»ойынын ойнаймыз. Яғни мұнда сіздерге өз ана тілімізге,салт-дәстүрімізге,тарихымызға,әдебиетімізге қатысты бірнеше сұрақтар қойылады. Ендеше,бастаймыз «Кім жылдам?»ойынының сұрақтары:

1. Бес нәрсеге асық бол,


Бес нәрседен қашық бол,
2.Адам болам десеңіз... өлең жолдарының авторы кім?
3. Қазақта тұңғыш шешен кім?
4. Тіл мерекесі қай күні?
5. Екі кісінің сөйлесу?
6. Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам?
7. Үш арыс :
8. Алтын адам табылған жер?
9. Жас кезінде балаға аталатын мал атауы:
10. Қазақтың бес қаруын ата:
11. Туыстық атауларды ата: анаңның туыстары - нағашы, ағаның әйелі - жеңге, әпкенің күйеуі - жезде, шешенің әпкесінің балалары - бөле.
13. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата:
14. Үш би:
15. Әдебиет нешеге бөлінеді?
16. Бөбек қорының президенті:
17. Бір жылда неше мезгіл бар?
18. Күні түні дем алмай жүретін не?
19. Бұл дүниеде де, о дүниеде де өсетін ағаш:
20. Үш тәтті не?
21. Қазақтың тұңғыш ұстазы кім?

Абай
Жиренше

22 қыркүйек

диалог


құрт

Сәкен, Ілияс, Бейімбет

Есік обасы, Алматы обл.

бәсіре


садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

ертегі, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, батырлар жыры, айтыс, т. Б

Төле би, Әйтеке би, Қазбек би

Ауыз әдебиеті же жазба әдебиеті

С. Назарбаева

4 мезгіл


ай мен күн

құрма


жан, мал, жар

Ы. Алтынсарин


Ауызша бағалау, мараппаттау


Оқулық


интернет ресурстары

Жеке жұмыс

20 минут


Туған жер,тіл туралы өлең шумақтарына сайыс


«Кім есті?»

1. Қарап тұрсаң өзіне,


Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе.айна – зеркало
2. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.кітап - книга
3. Ойды аяқтап,Қорытынды соңында доп тұрады.сөйлем - предложения
4. Сағат сайын қозғалады, тек мектептен табылады.қоңырау - звонок
5.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.ерін – губи

Тіл туралы өлең жолдарын жатқа айтудан сайысады.

Ең көп өлең шумақтарын айтқан оқушы марапатталады

Жұмбақтың шешуін шапшаң тауып, қазақша, орысша тілде айту,




сыйлықпен мараппаттау


кітап, интернет ресурстары



Соңы

3 минут


Сабақты бекіту

Қорытындылау: Оқушылар бүгінгі өткізілген тәрбие сағаттан алған әсерлерін бір сөзбен кезек-кезек айтып шығады.

Мысалы:Мен елімді мақтан етемін

Мен өз тілімді мәңгі қастерлеймін,т.б.



Өз ойын айтады


ауызша бағалау





«Өнер алды - қызыл тіл»


Тіл туралы мақал – мәтелді жалғастыру

Тіл- адам ойының…. (айнасы)

Аңдамай сөйлеген…(ауырмай өледі)

Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле)

Айтылған сөз … оқпен тең (атылған)

Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)

Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ)

Жақсы сөз-… (жарым ырыс)

Сөз тапқанға… (қолқа жоқ)

Ел тірегі-…. (тіл)

Тіл жетпейтін …. (түкпір жоқ)

Тәрбие... (тілден басталады).
Тіл достықтың...(мерейі).
Тіл –еліміздің... (іргетасы).
Тілді қорлау...(халықты қорлау).
Тілге шешен...(іске мешел).
Ұлттың қуаты... (тілінде)
Шешеннің тілі... (шебердің бізі).
Адам көңілінен азады,...(Тілінен жазады).
Ақынның тілі...( қылыштан өткір).
Тіл тас жарады...(Тас жармаса бас жарады).
Жеті ... .... біл. (жұрттың тілін).

Ине көзінен сынады,....(шешен сөзінен сынады).

Піл көтермегенді...(тіл көтереді).

Өз тілің – бірлік үшін..........(Өзге тіл – тірлік үшін)

Таяқ еттен өтеді.......(Сөз сүйектен өтеді)

Марал мүйізінен........(Адам тілінен ұсталады)

Бөтен жердің гүлінен,.........(туған жердің тікенегі артық)

Жат елдің қаршығасынан,......(өз еліңнің қарғасы артық)

Отан ...... ыстық(оттанда)

Аққу айдынын аңсайды,........(Адам туған жерін аңсайды)



«Өнер алды - қызыл тіл»
Тіл туралы мақал – мәтелді жалғастыру

Тіл- адам ойының….

Аңдамай сөйлеген…

Ойнап сөйлесең де …

Айтылған сөз …

Таза сөйлеу – биік…

Бас кеспек болса да,…

Жақсы сөз-…

Сөз тапқанға…

Ел тірегі-….

Тіл жетпейтін ….

Тәрбие...
Тіл достықтың...
Тіл –еліміздің...
Тілді қорлау...
Тілге шешен...
Ұлттың қуаты...
Шешеннің тілі...
Адам көңілінен азады,...
Ақынның тілі...
Тіл тас жарады...
Жеті ... .... біл.

Ине көзінен сынады,....

Піл көтермегенді...

Өз тілің – бірлік үшін..........

Таяқ еттен өтеді.......

Марал мүйізінен........

Бөтен жердің гүлінен,.........

Жат елдің қаршығасынан,......



Отан ...... ыстық

Аққу айдынын аңсайды,........

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет